12.01.10

Ақберен Елгезек: Ақын жаны – ғалым секілді жаңалық ашуға құмар

Тілші:

Бүгінгі таңдағы, қай мәселе, қай әңгіме де қоғамныц хал-ахуалына тіреліп жатады. Сіз де әнгімені содан бастасаңыз...

А.Елгезек:

«Ақын – коғамның барометрі» – деген сөзге иланатын болсақ, мен бұл  сұраққа таза ақын ретінде жауап беріп көрейін. Қашанда ақын біткен өз заманына разы болмаған. Себебі, коғамның жақсы тұстарынан гөрі,  жағымсыз жақтары ақын жүрегінің елегінен көбірек өтеді.

Бүгінгі қоғам туралы айтатын болсақ, әрине, халықтың рухсыздығы, пендешілікке бой ұруы, дүниеқоңыздыққа салынуы, ұлтсыздануы сияқты дерттері менің де жанымды кеміретіні рас. Біздің тамырымызда көшпенді ұлы бабаларымыздың қаны ағып жатыр. Ал, біздей халыкты қалада қамап ұстау, мұрнымызға жусан иісінің келмеуі қасиетті дүниелерден қол үзіп қалуымызға әкеп соқты.

Әрине, біз бүгінгі заманның ырқына көнеміз. Алайда, далалык даналыкты бойымыздан шығарып алмауымыз кажет.

Бүгін біздің ел тәуелсіздік алғаннан бері экономикалық біраз жетістіктерге қол жеткізді. Осы үрдістің тез жүріп кеткеніне мен аса қуанамын. Біз енді «голландық дертпен» ауыра бастаймыз. Бұл бізді рухани ізденістерге, өзің-өзі тануға, әдебиет пен мәдениетке бет бұруға алып келетін зауал болады. Оған тек үміттену керек.

Тілші:- Өзіңіз баскарып отырған «Қазак әдебиетін колдау қоры» шығармашылықта жүрген талай жастарға рухани демеу болып келе жатқандығы рас. Осы қордың калай құрылғандығы жөнінде айтып берсеңіз…

А.Елгезек:

Қорды кұрған жігіттер қызыл сөзден шаршаған адамдар еді. Маралтай Райымбекұлы, Әмірхан Балкыбек пен Әлібек Шегебай сияқты әдебиетте жүрген каламгерлерге аталмыш қорды құру идеясын ұсынғанмын. Бұл негізі пісіп-жетіліп тұрған нәрсе еді, сондыктан бір ауыздан оң шешім кабылданды.

Бір жылдык мардымсыз тарихымызда біз «Қазак әдебиетін қолдау Мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын» жасап шықтық, бірнеше жас ақын-жазушылардың кешін өткізіп бердік, қаншама жастардың танылуына көмек берген «Қазақ әдебиеті» газетінің «Жас қалам» қосымшасының шығуына демеушілік көрсетіп келеміз.

Алда әлі талай жоспарлар бар. Онын бірі үстіміздегі жылдын 22-ші наурызынан бастан шыгатын «Кентавр» атты әдеби-мәдени газетті дайындап жатырмыз.

Тілші: Ақын ретінде интеллигенция болмысындагы нендей ерекшелікті атар едіңіз?

А.Елгезек:

Зиялы қауым – сүт бетіндегі қаймағы іспеттес, соның іріп кетпеуін, шайқалмауын тілеймін дегеннен басқа айтарым жоқ.

Тілші:- “Алдыңғы   толқын   ағалар,   кейінгі толқын інілер…” Аға мен іні жалғаскан уақытта қандай да бір «дәстүр» бой көрсетсе  керек. Бүгінде поэзия әлемінде осындай «дәстүр» бой көрсетіп жүр ме?

А.Елгезек: Әрине, алдыңғы буын ағаларымыз жастарға әрқашанда сыншы болып келген. Ең алдымен сыннан «ауырып» қалмаған, мысы басылып қалмаған жас ақын ғана биік белестерге жетері сөзсіз. Поэзия әлемінің дәстүрі – жарыққа шығып келе жатқан ақынның сағын сындырмай, бағын байламай, дұрыс бағыт-бағдар беру. Алдыңғы буын ақын ағаларымның жас акындарды іздеп оқып, өз ақыл-кеңестерін беріп жататын сәттері аз емес. Бұл – көңіл қуантарлық жәйт.

Тілші: Сіздің шығармашылығыңыздың лейтмотиві адамның еркіндігіндей болып елес береді. Философтардыц күрмеуінде: «Еркіндік еркіндіктен басқа өнім бермейді. Сіз еркіндік дегенді қалай ұғасыз?

А.Елгезек: Менің    поэзиямда   еркіндіктен   гөрі,    жалғыздықты дос қылып, өз ішінде мекен ететін һәм көлеңкелер мен түнектерден тылсым сұлулықты іздейтін ғаріптің философиясы басымдырақ па деп ойлап қаламын. Еркіндік деген менің түсінігімде басқаның және өзінің қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеу болып табылады.

Тілші:- Әйгілі Канттың «Дүние- жаратылыстың екі кұпиясы мені әсіресе, тәнті қылады. Жұлдызды аспан төбемде, ділімде адамгершілік деген сөздері бар. Сізді дүние-жаратылыстың қанша кұпиясы және несімен тәнті қылады?

А.Елгезек: Маған дүние жаратылысынан гөрі, соны жаратқан, бірақ бізге әлі құпия Тәңірді тану және сол арқылы Ғарыш деп аталатын зәулім үйдің шым-шытырык бөлмелерін аралау қызықтырақ.

Тілші: Бүгінде әдеби ортада жүрген жастарды өз алдына, аға буын ақындарды да мойындатып жүрген ақынсыз.

Тыныштыкбек Әбдікәкімов пен Маралтай Ыбыраевтардыц сіздің шығармашылығыңыз жайында баспасөз бетінде әділ бағаларын бергені жоғарыда айтқанымызға дәлел. Өзіңіздің шығармашылығыңыз қай деңгейде деп ойлайсыз?

А.Елгезек:- Ең әуелі осы екі ағама тағы бір рет ризашылығымды білдіріп кеткім келеді. Екіншіден, ешкім өзінің шығармашылығы қандай деңгейде екендігін айта алмайды. Оның бағасын беретін халық, содан соң тарих. Ал, менің бүгінгі поэзиям дүниеге жаңа келген нәрестенің қоршаған ортаны танып-білу жағдайындағы балаң деңгейде.

Тілші:- Черчилльдің «Мұратқа жету үшін қан да, тер де, жас та керек» деген сөзі поэзия үшін айтылған тәрізді. Сіздің де белгілі бір мұратка жетуіңіз үшін бүгінгі күнгі ізденістеріңіз кандай?

А.Елгезек: Ақын жаны – ғалым секілді жаңалык ашуға құмар. Менің шығармашылық ізденістерім, адам баласына өзі сезіп тұрып, санамен түсінбейтін тіршіліктің құпия тұстарын көрсетіп беруге бағытталган.

Тілші:- Ғасыр әдебиетінде ғасырға тән форма болады ма өзі? Түр бөлектігі бола ма өзі? Болса, оны несімен және қалай танимыз? Сіз не дейсіз?

А.Елгезек: Форманы заманның өзі сомдайды. Адам рухы биіктеген сайын ол Тәңірге бір табан жақындай түседі. Ал, Тәңір атты Ұлы шайыр рухын биіктеткісі келген талапкер пендесіне ерекше ырғақ, әдемі әуездерден тұратын тірі өлеңдер жібереді.

Хамит, сен өзің де поэзия әлеміне кіріп келе жатқан жігітсің. Саған түсірілетін өлеңдер Тәңірдің кірпігінде түзіліп түр. Оны алу-алмау сенің еңбекқорлығың мен ізденпаздығыңына байланысты.

Тілші:

Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбатты жүргізген

Хамит ЕСАМАНОВ,

«Ар-Ай» Жамбыл облыстық жастар газеті

12 /76/

22 наурыз 2007 жыл.

1397 рет қаралды

3 Пікірлер “Ақберен Елгезек: Ақын жаны – ғалым секілді жаңалық ашуға құмар”

  1. Нұржан Туғанбай:

    мен мұны Хамаңмен озиниздин тамаша сырласуынынз деп билем!акын ага мен ини сабактастыгы деген осы да

  2. Мұра-Меркіт:

    Құлама ақын,
    құласаң әлде кімдер тап береді.
    Бөркің кетсе ел өзі-ақ ап береді.
    поэзия тауында биік шыққан.-
    сен едің көп тамырлы ақтерегі.
    …амен бол қазақтың Ақберені.

  3. Олжас Есназаров:

    Ақберген ага, Алла тагалам том-томдап оқылатын тың туындыларыңызды жазатын денсаулық пен ұзақ ғұмыр берсин сизге.

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion