12.01.10

Ақберен Елгезек: «Біз – дәрігер емеспіз мүлде, біз – дертпіз…»

«Сын» журналы:

Әдебиет табалдырыгын қашан аттадың? Жөн білісіп алсақ…

Ақберен Елгезек:

Жалпы осы мен әдебиет деген киелі шаңырақтың табалдырығынан аттай алмай жүрмін-ау деймін. Тек сол қасиетті үйге еніп үлгірген «тұрғындармен» есік алдында әңгімені соғып жүретін адамға ұқсаймын. Себебі, ол босағадан аттау үшін қабырғасы мығым шығарма жазып, жалпақ жұрттың бағасын алу керек. Әзірге салмақты бір кітапты да бере алмадық. Дегенмен, әдеби ортаға танылдым деп айтуға болатын шығар.

«Сын» журналы:

Ал, келдің екен, әуелі соңымызга көз тігіп алайықшы. Өмірден өтіп кеткен немесе тірі алдағы буындар өкілдерінен кімді үлгі mұтасың? Немесе қай суреткерше жаңалық ашқың, өз сөзіңді айтқың келеді?

Ақберен Елгезек:

Кез келген жас қаламгерге бірді-екілі тұлға үлгі болатыны заңдылық. Мен бұл заңдылыкты аттап өтіп, кездейсоқтықпен ақын бола қалған жоқпын. Бала кезімде өлеңге деген махаббатымды Мұқағали ашқан. Сосын Жұмекен мен Тыныштықбек. Мағжанды ерекше сүйемін. Абайды оқып білуге миым жетпей жүр әлі. Қартайған шақта мүмкін ұлы кемеңгердің не айтқысы келгенін там-тұмдап түсіне бастайтын шығармын. Абайдың энергетикалық қуаты сұмдық қой. Оқып отырып, біраз дүниені түйсігім сезеді. Түйсік деңгейінде ғана Абайдан қорытынды шығарған болам, әйтеуір.

Тыныштықбекпен «ауырғанымды» жасырмаймын. Оның өлеңдерін алғаш оқығанымда жынданып кете жаздағам. Мынандай өлеңдерді адам жазады дегенге сенбегем, әуелі. Әлі де сол пікірдемін. Ол кісі не сайтан, не пері шығар деп де күдіктенем, тіпті. Ағам кешірсін, әрине!

Мына келесі жолдарды жазған адамды кім деп ойлайсыз өзі? Қазір оқып берейін:

Әй, білмеймін…Түнгі аспанға қарай қалсам, әйтеуір,

Жаным ұлып қоя берер!..

Түсініксіз ол да - Өмір!

Ішімде де біреу отыр!

Әлде, minmi, бірнешеу?!

Бауырым-ау, қартаярсың, мен білгенді білме сен.

Нуклеин мен белок қана емес менің жұлыным,

Мен де сендей - сыры жұмбақ Парасаттың ҰлымынІ

Жалпы, біздің буынға Тыныштықбектің әсері орасан. Тыныштықбекше өлең жазғымыз келді, сол ағамыздай ойлағымыз келді.

Өзге ұлттардан Сергей Есенин мазамды алды. Өлеңі де, тағдыры да ғажап қой. Александр Блок туралы әңгіме бөлек. Ол – маған бейнелерді (символдарды) байқауды үйреткен шайыр.

Артюр Рембоның романтикалық, бұзып-жарғыш мінезі баураған. Керемет әсер еткен ақындардың бірі – Отар Чиладзе. Ол туралы кезінде Евгений Евтушенко: «Отардың тұла бойы сезу мен естудің тұтас бір органына айналып кеткен сынды…», – деп жазды.

Жазушылардан, әрине, Мұхтар Әуезов, Оралхан Бөкей, Тәкен Әлімқұлов, Достоевкий. Соңғы кезде Мураками мен Орхан Памук ұнап жүр.

Ал, мен осылардың ешқайсына ұқсағым келмейді. Мен ашатын жаңалықты мен ғана ашамын, оны басқа ешкім де аша алмайды. Себебі, Тәңірдің саған бұйырған шығармасы сенің ғана саусақтарыңмен қағаз бетінде сомдалуы тиіс.

«Сын» журналы:

Бүгінгі әдебиет әлемі талғамыңа тати ма? Оның ішінде жастар әдебиетінің бағыты, деңгейі қандай деп ойлайсың? Өз замандастарыңнан кімдерді айрықша атар едің?

Ақберен Елгезек:

Егер бүгінгі, тәуелсіздік заманындағы ұлттық әдебиетті алатын болсақ, оған баға беруге әлі ерте. Себебі, оның авторлары тірі. Ол қаламгерлердің бағасы өздері дүниеден өткеннен соң, ширек ғасырдан кейін берілетін болады. Бұл – уақыттың талабы. Кеше «түсініксіз» жазатын Жұмекен мен Оралхан бүгін мойындалып отыр. Тыныштықбекті де сондай болашақ күтіп турғаны айдан анық.

Жастардан біреуді атап, біреуді атамасам, ренішке қалармын. Әдебиет табалдырығынан енді аттап жатқан жастардың әдеби бағыты туралы айту да асығыстық болар. Болашақ көрсетеді.

«Сын» журналы:

Өзіңді қатарға қосылған толыққанды қаламгер ретінде сезінесің бе? Шыгармашылық талантың толық ашылуы үшін не жетпей жүр?

Осы сұрақтың бірінші бөлігіне «жоқ» деген жауапты естисіз. Екіншісіне білім мен өмірлік тәжірибе жетіспей жүр деп жауап берер едім.

«Сын» журналы:

Замандас әріптестеріне көңілің тола ма? Бұлардың ілгері буыннан не артпықшылық, әйтпесе жетімсіздігі бар?

Қалай айтсам екен?! Бұлардың кей өлеңі мен прозалық шығармасына қуанам. Қайбіріне қарным ашады. Бәрі ұнауы мумкін емес қой. Сосын шетінен шедевр жазу ешкімнің қолынан әлі келмеген дуние.

Ал, алдыңғы буыннан біздің артықшылығымыз – бірлікте. Сосын жазғанымызды бұлдамай, шуламай жүретіндігімізде. Оны белсенділігіміздің төмендігінен емес, әдебиетке деген адалдығымыздан деп қабылдаған жөн. Біздің буын әлі бірде бір рет ашық хат жазып, билікті, болмаса Жазушылар Одағы басшылыгын мазалап, ешнәрсе сұраған емес. Бәрі де өз еңбегіммен шығамын деп жүрген жас таланттар. Сосын бізге алдыңғы буынның көзқарасы да біртурлі. Солардың бақшасына кіріп кеткен қозы-лақ секілді сезінеміз өзімізді. Бұлданады да жатады ғой, әйтеуір… Біз болсақ, тек жазумен айналысудамыз. Басқа шынымды айтсам, түк қалмады ғой өзі!

«Сын» журналы:

Өлеңді (қара сөзді) неліктен жазасың? Жалпы, шығарма не үшін жазылу керек ойлайсың? Бүгінгі әдебиеттің халыққа керегі бар ма?

Ақберен Елгезек:

Александр Герцен: «Біз – дәрігер емеспіз мүлде, біз – дертпіз» деген еді. Соған саятын болсақ, ішімде бір дерт бар ғой деймін. Нақтырақ айтқанда, тірі біреу бар. Сол ғой жаздыратын!

Соңғы уақытта Тәңір жазып жатқан өлең сияқты сезінем өзімді. Кейде қағаз бетіне қонбай, қисайып, ұйқаспай журіп алам. Кейде төгіліп, тоқтамай қоямын. Бірақ мен тағдыр-дастанымды Тәңір жазудан жалықпайды. Сол сияқты… Неге екенін білмеймін жазу керек. Ал, ол өлең кімге керек, не үшін жазылады деген сияқты ойларды бір жыл бұрын мына кекілді бастан шығарып тастағам.

Бүгінгі әдебиет халыққа керек пе дейсіз?!. Бүгінгі әдебиет ертеңгі халыққа керек. Ол халық мұндай болмайды. Бәрі жақсы болады. Қазақтың әдебиеті әлі-ақ алтын ғасырын басынан кешіретін болады. Маған сеніңізші!

«Сын» журналы:

Қатарларыңда сыншы, драмашылар ма? Бар болса, кімдер? Ал, жоқ болса, не себептен жоқ? Жалпы сынсыз, талдап-таразылаусыз өнері өсе ме, жоқ әлде өше ме?

Ақберен Елгезек:

Ана жігіт немесе мына бойжеткен деп кесіп айта алмаймын. Сосын сыншы болу үшін терең білім мен әдеби майдандағы тәжірибе керек. Ол – әзірге біздің осал тұсымыз. Бірақ болашақта арамыздан сыншыңыз да, драмашыңыз да шығатыны даусыз.

«Сынсыз мін түзелмейді» – демекші, кез келген ұлттың әдебиетіне мықты ұлттық сын мектебі қажет. Шығарманы кез келген қаламдас пенде «жаман екен» деп сынай салса, ал, нағыз сыншы – ол шығарма неге жаман екенін көрсетіп беретін қызметкер.

«Жазушылар – адам жанының инженері, сыншылар – жазушы жанының инженері» – деген (аты есімде жоқ) бір қаламгердің сөзі көп нәрсені аңғартып тұр емес пе?! Бүгін әділ сын мен кәсіби сыншылардың аздығынан болар, әдебиетімізге кім болса сол кіруге құштар болып алды. Сосын оны жер-көкке сыйғызбай газеттер жариялайды да жатады. Ал, сыншылар тобы, мейлі оны сыншылар әскері деңіз, бар болса, дұрыс бағаны алу үшін қаламгер жазғанын жүз қайтара оқып шығар еді.

«Сын» журналы:

Сұхбатыңызға рахмет.

3527 рет қаралды

31 Пікірлер “Ақберен Елгезек: «Біз – дәрігер емеспіз мүлде, біз – дертпіз…»”

  1. Санду:

    Өлеңдеріңізді оқып отырып Есенин мен үндес екен деп ойлайтынмын! Расымен Есенинді жақсы көреді екенсіз! әсіресе “Бір кісі” деген өлеңіңіз маған қатты ұнады! Жыр әлемінде ашар жаңалықтарыңыз, асар асуларыңыз көп болсын!!!!

  2. Албан:

    Ақберен, сенің шатпырағың кімге керек. Өзің нашар ақынсың, сонымен қоймай классикше сөз саптайсың! Қойсаңшы, үй артында кісілер бар емес пе?.. Ұятты да бір ойлап қойсаңшы!Артыңа қарап көсілсеңші, айналайын-ау!

  3. Сайран:

    Бір қарға көтіне қарамай, Әулиеағаштың басына қоныпты деген сөз бар еді. Сол тап Ақберенге айтылған сияқты.

  4. МураТ:

    албанилар мен сайранилар! Бириншиден:Катындар сиякты тыгылмай,Аты-жондеринди корсетиндер.
    Екиншиден: Сендер Акберенди билмей билмей бирнарсе айтуга кукыларын жок.
    Ушиншиден: Пикирлерин кореалмаушылыктын пикирлери.Сендер Акберендей болып алындар.

  5. Жайыктын кызы:

    Мадениеттерик пикир жазуга тырыссаныздаршы. орыстардын блогтарынан немесе сайттарынан уйренгендериниз бе?ойларынызга келгенди оттап отырсыздар гой кейбиреуиниз…

  6. jolawxi:

    “hezel yt”ke ternatpangdar ixteringdi,eki adam!

  7. Оралбек:

    Ақберен, алған бетіңнен қайтпа! Мен сені “Мәссағаннан” білуші едім. Қазір ол сайт жоқ. Сені тауып алғаным жақсы болды. “Ит үреді, керуен көшеді” дейді халқымыз. Өлеңдерің жақсы. Мен үзбей оқып отырамын. Кім не десе о десін, сенің өлеңдерің нағыз ер мінезді қазақы өлең және сонысымен құнды. Ешкімге еліктемейсің, тыңнан түрен салғың келеді. Мен осы жағыңа сүйсінемін.

  8. Ақберен:

    Алла разы болсын! Мені ұнатпайтындардың да амандығын тілеймін!

  9. ерсаин:

    ақберен, саган сәттілік тілеймін.

  10. Али Акмарал:

    Бірак осы Тыныштыкбектін олендерін окып кормеппін. Акберен туралы пікірлер Абай сайтында каптап кетті. Оны коргаймын деп озім балеге калдым.

  11. Акмарал Али:

    Мына 10 п!к!рд! жазган адамга тан каламын, шаршаган жоксын ба мен!м атымнан Акберенд! жамандаганды. Бутк!л Акберенн!н сайтын осы созбен толтырып койыпсын адамнын кулк!с!н келт!р!п. Акберен мен!н не айтатынымды жаксы б!лед! гой. Сондыктан мундай создер жазып ауре болмай-ак койшы. Акберен мен!н коргауыма карап калган жок, оз!н-оз! кай жерде де алып шыгады. Сен сиякты б!реуд!н атын жамылмайды.

  12. әш-Шәһиду:

    Іріген ауыздан шіріген сөз шығады деген аталы сөз аузынан ақ ит кіріп көк ит шыққан сұмырайларға арналған. Ақын жаны нәзік емес пе? Ақиық ақынды жәбірлеуге қалай ауыздарың барады?

  13. Серікзат:

    “Ит үреді, керуен көшеді”, жасыма Ақберен бауырым!

  14. Анонимно:

    Жігіттер айтатын болсаңдар бетіне айтыңдар. Жасырынып тұрып айтқан ұят емес пе жігіт адамға?

  15. Тараздық қыз:

    Ақберен Сіз Тыныштықбекпен “ауырсаңыз”, мен Алмас Темірбаймен “ауырып” жүрмін.Түсінем

  16. мен:

    сайтқа не болған? түсінбедім………………

  17. бакыт:

    анда санда блоктан окып калып кім екен деп елеңдеуші едім.Сайтынызды тапқаныма риза боп отырмын.Сөз қадірін білер қазаққа ұнауы тиіс тізбектер.Тамаша!!!!

  18. Назира (еstetika):

    Ақберен аға, сізді біз қазақ поэзиясында өзіндік орыны бар талантты, арынды ақындардың бірі деп білеміз. Блогынызды оқып отырып, шынымды айтсам ұялдым. Неге осы біздің халық бір – бірін көре алмайдйды екен?.. Сізді халық біледі, сондықтан мойымаңыз! Тек қана АЛҒА!!!

  19. Назира (еstetika):

    БЛОГЫҢЫЗ тамаша екен!!! Саттілік тілеймін!

  20. Дариға Мұхамеджанқызы:

    Салеметсин бе!!!! Саған хат жолдаушы папаныздың класстасы Дариға Мұхамеджанқызы!! Папан Шарана деген кітап жазып жатырмын деуші еді, соны жазып бітірді ма!!! Жарыққа шықты ма??

  21. Дариға Мұхамеджанқызы:

    2408682 телефонына хабарласуынызды сураймын!!!

  22. Боря:

    Ақберен разговор жоқ әдемі ұйқастырып, сөзді әдемі саптап жазады.Бірақ конкретно не айтқысы келгенін түсінбейсің да.Тілі қарапайым емес. Қысқасы қуып кеткен….

  23. Боря:

    Алмас Темірбай вообще космоста жүр… Алмас поэзиядан алты жүз километр алыста жатыр…. Ақберен екеуі ұқсас.Арзан ойлы қума ақындар қаптап кетті короче.Оқығыларыңыз келсе нағыз көзбояусыз шынайы ақындар: Бақытжан Алдияр, Қалқаман Сарин, Ілияс Мұқай…

  24. Айдар:

    Ақбереннің шығармасына баға беруді уақыт еншісіне қалдырып, әзірге сәттілік тілеймін.

  25. Белый Алмас:

    Әннің де естісі бар,есері бар Ақберен. Сенің мынандай сылдыр сөздеріңе әдеби ойы таяз жастар алдананады.Біз білеміз ғой кімнің кім екенін.Кому надо твои дешевые понты? Я до хрена встречал в жизни таких самозванцев как ты.
    И они щас в тумане потреялись.Ты тоже далеко не пойдешь.Время определит тебя еще.

  26. Дархан:

    Айдалада лағып шаба берме, астыңдағы атыңды өлтіресің Ақберен!!! Ең құрымаса атыңа жаның ашысын бауырым.

  27. Асем:

    Ақберен Елгезек атына заты сай оте керемет акын!!!

  28. Анонимно:

    Ақберен ауыр тағдырды снбай көтере білген нәзік жанды жыр иесі. сондықтан сөздің де киесі бар, абайлап қолданған жөн.

  29. алаш:

    Ақбереннің аты да өлеңі де ешкімге ұқсамайды

  30. Жан:

    Адамдар, не деген катигездик, не деген коре алмаушылык. Акынга сын айту ким корингеннин колынан келе бермейтин шаруа. Окып, окыган сон токып, токи алмасаныз, жайына калдырыныздаршы. Акберен – ешкимге уксамайтын акын, бугин тусинбесениздер, ертенги куни тусинерсиздер, ертенги куни тусинбесениздер, мулдем ештене тусинбейтин болганыныз…

  31. Асекек Мемлекеттік тіл:

    Акберен аға! Сіздің поэзияңыздың бір шумағын түсіне алмаған, сөйте тұра жабайы пікір айтатын көр соқырлар бар. Ондайлар қоғамда әрқашан болған. Болады. Дей берсін. Сіз – керемет ақынсыз!!!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion