«Ана тілі» газеті,
21-27 қаңтар, 2010 жыл. № 3 /996/
Ақберен Елгезек — акын, «Көлеңкелер кұбірі» жыр жинағының авторы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жанындағы «Атажұрт» баспасының бас редакторы.
«Менің атымды маркұм әкем қойған болуы керек. Бір ағамнан есімімді Темірбек Қожакеев қойған деп те естігенім бар», — дейді өз есімі жайында Ақберен. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Берен» деген сөз батырлар киетін сауытты, мылтықты, алмас қанжарды білдіреді» деп жазылған. Орта ғасырларда Ұлы Жібек жолында саудаға түсетін өте құнды, сирек кездесетін мата болған екен. Сол матаны да «берен» деп атаған деседі. Жалпы, «берен» — мықтылыкты, өткірлікті, өжеттілікті білдіретін сөз. Сондықтан да «Батырлар жырында»: «Балдағы алтын ақберен, шаба алмасам — маған серт…» деген тіркестер көп кездеседі.
Ақбереннің айтуынша, акын Тыныштыкбек Әбдікәкімұлы оны «Акмылтык, бауырым» деп атайды екен. «Мылтық» деген сөз де — «Акберен» деген сөздің синонимі. Орыстың берданка деген мылтығы да осы «береннен» шықты-ау деп ойлаймын», — дейді Ақберен.
Жалпы, «Ақберен» деген есімді жиі болмаса да, ара-тұра естіп жатамыз. Бұл ат сәбиге алмас кылыштай еткір, сауыттай берік, матадай құнды, кұралайды көзге ататын мерген болсын деп ырымдап қойылатын болса керек.
Жөн-ақ, аты мен заты акберен азаматтар көбейгені кұба-құп.

Жаман иттің атын Бөрібасар қояды денген екен ата-бабаларымыз.
hoyingiz!
ixtarleh etpengiz!
Мәлік мырза! Пендешілікке салынып тұрсыз-ау, болмаса, “Болар жұрттың баласы бірін бірі БАТЫРЫМ дер” деген бар емес пе, ҚАЗАҚтың ақынға деген құрметі қайда? Жас ақынға қолдау көрсетуіміз керек емес пе, жоқ, МҰҚАҒАЛИ, ШӘМШІЛЕР сияқты өмірден озғасын ғана мақтамақсыз ба? Қаламы өткір, ойы ашық,үміт күткізер ақын. Ұнамаса, қоя беріңіз.Қазақта жаман жоқ, оны жаман ететін өзіміз, қазақтар. осыны есте ұстаныз!!!
Гулнара оте дурыс айтыпсын. Осындай Мал!к сияктыларга тан каламын. Колыннан келсе сен де жаз, унамаса ашпа сайтын. !ш!н ортен!п бара жатырган б!реус!н гой, коре алмай…
Мәлік мырзаның іші тар екені сөзінің алғашқы әрпінен көрініп тұр. Қазақтар бірін-бірі көре алмайды деп бұрыннан айтылған сөзге жыным келетін еді. Осы сияқтылардың сөзін оқығанда бабаларымыз бекерден-бекер айтпаған екен деймін. Ақберен атына заты лайықты аяулы ақынға осындай сөз айтатын қазақты қалай ғана қазақ десек екен. Қазақтар, өзгеге мазақ болмайықшы. Айтар сөзімізді ашық айта алатын ақындарымызды аяласақ, ұтпасақ, ұтылмаймыз.
Колпаштаганды котере алмай жататын талай азаматтырды билемиз. Солардын катарын толтырмай тепе-тендикти сактап журуинизге тлектеспин. Атынызга затыныз сай, казактын мактанышпен айтатын азамы болыныз. Казак казир нагыз азаматка зару.
Не дейін…
Керемет!!!!!!!!!!!
Мәлік сен сайтка жазбай тикелей Акберен агага жазсай! Ал ол кисинин аты керемет! Бул жагымпаздык немесе пир туту емес, аты да олендери де тамаша, кейбир быксыган акынсымактар секилди емес!!! МАЛИК окы осыны
Агайындар, Мәлік сияқтыларға ренжудің қажеті шамалы,,,
бәрібір түсінбейді!Әр заманның өз Қотырашы болады… Жаза берсін..ішіндегі заһарын осында төгіп алғаны жақсы!))) т
Мен ұлымның есімін Ақберен қойдым. Ақберенді бұрын танып, табынғандықтан емес. Алғыр, берен мылтықтай ұшқыр болсын деген ниетпен қойғам. Кейін осындай ақынның бар екенін естідім. Айтпақшы ауыр аяқ кезімде түсімде Мұхтар Шаханов бой тұмар берген еді. Мүмкін менің ұлым да ағасы тәрізді ақын болар. беске толмаса да ұйқасы жоқ бірдеңелерді өлең шығардым деп айтып жүреді. Мәселен:
Атам,
Атамның қойынына жатам,
аталар тауықтарға жем берсе
тауықтар аталардың қолынан сүйеді деген тәрізді.
Сізге шығармашылық табыс тілеймін. Сіз аттас бір ініңіздің бар екенін ұмытпаңыз.
Мәлік агамыз “жаман иттің атын бөрібасар”- қояды деген сөзінде мүмкін түбкі мағынасында Елгезек агамның және біздің есімдеріміздің тамаша сипатқа ие екені жайында айтпақшы болған шығар!Сол сөздің иесінің ойымен толық санаспай, оның бұл созді жазғандағы ойын анық басып айту қателік болар сіра! Біздерде таспен атқанды,аспен ат деген керемет соз баремес пе!? Сіздердің ойлаған ойларыңыз дұрыс болса онда бұл кісінің жан дүниесі жай ғана бір тар,бос қызғанышқа толы қапасқа тең болар…
казак радиосынан С.Сейтманнын окуында (СЕН ГАНА болу керек оленнин аты)естидим керемет жазылыпты кайдан табуга болады?
Негізі білмей айтканнын айыбы да жок кой, казакта мылтыкка катысты “акберен” деген термин американдык Хайрем Берданнын атынан келген. Бердан коп жылдар бойы мылтык жасаумен айналысып, акырында Ресей патшасынын отініші бойынша озінін жана улгісімен бірге орыс жеріне келген. осыдан “берденке”, “берданка” атаулары казак арасында тараган…
Акберен деген есiмдi катты унаттым.Кулакка да жагымды естiледi.”Кандай магына бередi екен?”деп коп ойландым.Казак тiлi панiнiн мугалiмiнен сураганымда: -акберен созi мылтык турi болуы керек,ерекше,тандаулы деген магына бередi,-деп жауап бердi.Акберен десе,АКБЕРЕН емес пе?!Атына заты сай,дарабоз акын!
АТЫМДЫ МЕН ТУМАЙ ТУРГАНДА АТАМ КАЙЫП КЕТКЕН ЕКЕН.ОЗ АТЫМДЫ МАКТАН ЕТЕМИН.МЕН ТУРЫП ЖАТКАН КАЛАДА АЛИ БУЛ АТТЫ ЕСТИГЕН ЕМЕСПИН.АКЕМ, АТА-АНА БАЛАГА ДУРЫС АТ КОЮ КЕРЕК ДЕП КОП АЙТАДЫ.ЕНДИ СИЗБЕН АТТАС ИНИ БОЛДЫМ
ЕНБЕГИНИЗГЕ ТАБЫС ТИЛЕЙМИЗ!