Нұрғали ҚАДЫРБАЕВ. ӨЛЕҢ ӨЛКЕСІНІҢ ӨРЕЛІ ӨРЕНІ
(Ақын Ақберен Елгезектің “Көлеңкелер күбірі” өлеңдер кітабы хақында)
Көркем әдебиеттің берері көп. Тағылымының өзі қаншама. Жаныңды жадыратады. Жаңартады. Көркем сөз өнері өренді ұрпақты өнегелікке тәрбиелейді. Тәрбие дегенде осы орайда әдемілік, сұлулықты айтып отырмыз. Мінеки, осынау сұлулық атаулысына көркем әдебиет, оның ішінде көркем поэзия өз оқырманына нұр себелейді. Шуақ дарытады. Алайда бүгінде бұндай ұғымдар тым жұтаң таратқаны да, өкінішке орай, шындық.
Сонымен, қолға алған кітаптың аты «Көлеңкелер күбірі». Авторы – жас ақын Ақберен Елгезек. Ең бастысы, өлең кітабын оқып шыққан соң, ондағы ақындық «меннің» өмірмен тікелей байланыста екендігіне көз жеткіздік. Ақберен өмірді ақындық көркем оймен, өзіндік өрнекпен өрнектей алады екен. Жай поэзия емес, ой коллизиясы, сұлулық үйлесімі мол екен. Дәлелге жүгінелік. «Автопортрет» өлеңінде «Қарашықтың түбінен оқта-текте, оқылады дыбыссыз жыр – иманым» деген қос қатар жолда ақынның рухы, оның ішкі сырының бір иірімі айна-қатесіз аңғарылады. Толығырақ…
8 Пікірлер 354 рет қаралды