07.06.11

Экспромт

Қара аспанды тесіп тастап жұлдыздар,
Маған қарай құлатады мұңлы ызғар.
Көктем билік құрып тұрған көшеде,
Кірпік қағып бара жатыр гүл-қыздар.

Хош иістер бар ауаны масайтып,
Құмарыма бара жатыр қош айтып.
Бағаналар нұр құйып ап шамына,
Сұлулыққа бас иеді, тост айтып!..

450 рет қаралды

1 Пікір “Экспромт”

  1. КОКБЕРЕН:

    МАСАН ТАРТЫП ОТЫРЫП МӘ ДЕП ЖАЗА САЛГАНСЫН БА?))))))))

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion