07.10.10

Адам іздеу

«Аспан!» десем,
Теңіз толқып төбемнен,
Тамшыларын шашыратар төменге.
Жанарынан жанұшыра мың әріп,
Жамырайды жазылмаған өлеңге!

«Жұлдыз!» десем,
Сәуле-үні төгілген,
Орман шулап теңселеді көгімнен.
Жансыз оттар жерге жетпей жоғалар,
Шылымдардың шоқтарындай шегілген.

«Бұлттар!» десем,
Түйелерін желдірген,
Керуендер көтерілер сеңгірге.
Кіріп кетер сағымданған сұлбалар,
Әуедегі көрінбейтін үңгірге.

«Таулар!» десем,
Биіктіктікті керең қып,
Су астынан көтерілер тереңдік.
Мылқау балық шындық айтса шыңғырып,
Соқырлығын мойындайды кемелдік…

«Күн!» деп айтсам,
Суық жүзі жарқылдап,
Ай ауада дөңгелейді, қарқылдап,
Оның өлі көлеңкесі жаңбырдың,
Арасында сенделеді салқындап.

«Пейіш!» десем,
Тәулік бойы құбыла,
Батыс жатқан көрінеді құбыла,
Сансыз мешіт күмбезінен жарқ етіп,
Ақ далаға таралады шұғыла.

«Құстар» десем,
Денелері керілген,
Қанаттары аппақ нұрдан өрілген.
Заңғар көкте періштелер қалықтар,
Хабары жоқ өлімнен…

«Адам!» десем,
Аспан астын паналап,
Дауыс тағы жаңғырықты жағалар,
Қоғам ішін кезіп жүрген жалғызды,
Аяп тұрар ауадағы бабалар…

1083 рет қаралды

14 Пікірлер “Адам іздеу”

  1. Өтесін:

    Жанары – жарық, көңілі ғарып қоғамды дәл қазір, тұңғыш рет көріп тұрғандаймын… Қалай мән бермейміз?!… Бәлі, өлең-жырға ғашықтығым болса да, қазіргі ақындарға көңілім тола бермейтін,сол ойым өзгереді-ау,сірә!

  2. Ханша.:

    Ақберен айналайын рахмет саған! Талантың арта берсін, қаламың шыңдала берсін! Өлеңдеріңді оқып шығып ойға қалдым,біздің заманның Ақыны сен деп мойындаймын. Керемет талант иесі екендігіңді халқың мойындар,тек жеткізе біл ел-жұртыңа.

  3. Орынбасар.Ж.:

    Мұқағали айтқандай, ақын жалғыз қашанда.
    Өрнек етіп өлеңді, дәл осылай бас алға.
    Шабытыңды қайра да, шыңға шығып шырқағын,
    Бұлттар қалсын көрінбей, титімдей боп тасаңда.

    Жырла жұлқып тереңнен, ақиқатты ұлықта,
    Жоқтан бар қып жан берген, Жаратқанды ұмытпа.
    Сұлу сөзден гүл жасап, ұғынғанға ұсынғын,
    Тыңдағандар тамсанып, тілін сорсын тұрып қап…

    Әмин!

  4. Жырға ғашық:

    Көк аспанға керуен тартқан сезімнің асқағын-ай! жарайсың, інім!

  5. Анонимно:

    “Қоғам ішін кезіп жүрген жалғызды,
    Аяп тұрар ауадағы бабалар…” -
    - Ақберен! “Қоғам ішін кезіп жүрген жалғыздар” аз емес. Көңілге сол медет. Әрі бабалар сол жалғыздарды аяса… және жалғыздың жары құдай болса… Сезімге тұнған жан-жүрек тағы жалғыз қалдырмайды емес пе?
    …Демек, қоғамдағы жалғыздық түкке тұрмайды!
    Бұл жырыңа сүйінгеннен туған түйін! Самал Т.

  6. Томи:

    Тамаша. Алланын нуры жаусын!

  7. Гулбану:

    Рахмет, Акберен, олендерин де есимин сиякты адеми! Сен таризди жастарымыз бары куантады! Ак жол саган! Каламын уштала берсин!

  8. Назгуь:

    Тамаша өнерініз өрлей берсін!Окып отрып ойға салынып кеттім,тамаша унады!!!Казырғы заманнын нағыз ақыны сізсіз!!!!!

  9. akberen aga,olen degen dal osindai bolu kerek.jaraisiz.kazaktin mandaina bitken birtuar azamati.koz timesin sizge.:

    Akbopemin goi Araldan

  10. Назгуль:

    Акберен, алдыннан ак кун тусын, жабыркаган жаныннын серiгi табылсын жаныннан!!!

  11. Береке:

    Жақсы өлең!!!

  12. Бауыржан Ахметұлы:

    Ой жүгіртсек, оқырманның иіліп-бүгіліп қалатыны, бетінің қызаратыны:Ақберен ақын адамды тіршілік жәндіктерінің тылсым түйсігімен барлап әр пендені көсеу, мешеу, мешел түсініктерден тазартады, ұлы дүниенің заңымен таразы басын теңестіреді. Ақиқатында, Құдай алдында хұқымыз қурайдан артық емес, бірақ, адами ой-санамыз “жел қайдан соғадымен” құрай қалпында қалмауы керек.

  13. Меңсұлу:

    Керемет!

  14. Сағатова Айгерим:

    Бул шығармада менің байқағаным ақынның салыстырмалы турде ой елегін сан жақтан байқатып отыр,бұл дегеніміз ақынның журектілігін,жан-жақтылығын,өзіндік бір пікірі бар ерекше ақын.
    Осы өнеріңізді бағалай отырып жан дүниеңіздегі осынау тылсым шабысыныз ТЕК БИІКТЕРГЕ ЖЕТКІЗСІН деп тілеймін!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion