05.01.10

Айна

Жалғыз ұлы, жетім ұлы әкемнің
Үңіледі қабырғаның ішінен.
Көк түтіннен көрінбейтін кафенің
Қабырғасы айна екенін түсінем.
 
Түсінем де, үңірейіп отырам,
Айнадан да, шараптан да шошынып.
Қышқырады дөкір ән,
Құтырамын, қайырмасына қосылып.

Қайтем енді, діл саңырау…
Сол-ақ па?..
Ешкімнің де қажет емес сөздері.
Оңай шаруа –
тойып алып шарапқа,
шайтан болып өзгеру.

Алдымдағы төңкеріп сап көзені,
Жынданғым-ақ  келеді.
Қабырғаның оқты көзін сеземін,
Көрінбесті көретін.

Оқты көзде – жетім ұлы әкемнің.
Сол кірпияз пішін – мен…
Жетімдіктің не екенін
Айна ғана түсінген.

916 рет қаралды

2 Пікірлер “Айна”

  1. Өтесін:

    Мұны ұғу үшін Сіз ьолып қана дүниеге кеу керек…

  2. Орынбасар.Ж.:

    Ақын жаны құбылады күніне,
    Ренжімес ақыл айтсам ініме.
    Шабыт іздеп неғыласың шайтаннан?
    Жаратқаның қарап тұр ғой түріңе…

    Пайғамбардың хадисі бар білсеңіз,
    Құдай сүйер құлшылықпен жүрсеңіз.
    Жасағанның жәннатында сыйы бар,
    Қолдан келіп халал өмір сүрсеңіз…

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion