06.01.10

Айнадағы бейтаныстың монологы

Сені біреу ұқса егер…
Аспан ұғар!
Себебі оның сен жайлы дастаны бар.
Сен жұтасың тамшысын ол жыласа,
Сен жыласаң…
Жұбатпас достарың бар…

Мінезің жоқ расында жұртқа ұнар…
Сені біреу ұқса егер…
Бұлттар ұғар!
Бір жылдары бұлттарда бейнең тұнып, 
Сәуле болып таңдағы шыққа құлар.

Бір құпия бар қаныңның ағысында,
Бір құпия бар тамырдың қағысында.
Сенің тылсым рухыңның өрнектерін,
Ұқса ұғар тек қана Ғарыш-мұнар!

Сені ұқпас жердегі халық-тұман…
Саған біреу құмартса…
Жарық құмар!
Ішіңдегі миллиондаған әріптер, 
Бір күндері кеудеңді жарып шығар…

Сонда сөзің көзіңде жанып тұрар,
Аяғында тұрады-ау қалып сұрақ…
Сен жүгірдің адамға бауырым деп,       
Сен кіретін жүректер жабық бірақ…

1161 рет қаралды

8 Пікірлер “Айнадағы бейтаныстың монологы”

  1. Шұғыла (Е.А.Р):

    Мені біреу ұқса егер…
    Аспан ұғар!
    Мінезім жоқ расында жұртқа ұнар…
    Мені біреу ұқса егер…
    Бұлттар ұғар.
    деп жазса сіз туралы болар ма еді?

  2. Өтесін:

    “Сен жүгірдің адамға бауырым деп,
    Сен кіретін жүректер жабық бірақ…” – қандайауыр, қалай шынайы!

  3. Бейтаныс бауыр:

    Өз мінез құлқыңды, жандүниеңді толық ақтарыпсын бауырым,табыс тилеймин

  4. Кереева Индира:

    Жырынызга гашыкпын!!!! Шабтыныз шаршамасын, Акберен!

  5. Орынбасар.Ж.:

    Ақын жанын ұғады ақын ғана…
    Сәл нәрседен жүрегі зақымданар.
    Ойға кетсе оңаша ей адамдар!
    Ойын бұзба, тиіспе, жақындама.

    Отырсын өз ойымен жалғыз қалып…
    Өзегінде өрт өлең андыздалып.
    Бір өлеңі бір сәби отырады,
    Өзге түгіл өзінен сан қызғанып.

  6. Орынгул:

    оте керемет

  7. Бекет:

    менго мен

  8. Айжанар:

    Сен жүгірдің адамға бауырым деп,
    Сен кіретін жүректер жабық бірақ… әсерлі қатар

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion