05.01.10

Ақырет

Жылады ма Тәңірім, жалғыздықтан жабыққан,
Көк аспанның түбінде жұлдыз ақты тамұқтан. 
Жер-Ананың жүрегі тоқтап қалды тас болып,  
Әділетке зарыққан.

Ойланбайды ол енді, Жаппар Ие өлтірсе.    
Айналмайды ол енді, айналмайды еркінше.
Қарғыстан да қараңғы.
Ай тартады табытын,
Жаназасын – жел дүмше.
 
Қара аспанға шапшыған адамзаттың күнәсі,
Періштелер ғайыпқа  ұшып кетті Күн асып.      
Жансыз қалған Жер үсті естіледі
Ең соңғы      
Пайғамбардың дұғасы.

Жер-Ана өлді, тамұқтың мөрі түсіп тасына.  
Осы сұмдық әлдебір сұмдықтардың басы ма? 
Мұхиттар мен теңіздер кеткен екен айналып 
Бір тамшы көз жасына…

Сөз жоқ, енді басталмақ космостық басты ылаң..
Қара аспанның от жанар үстінен де, астынан.
Ай да ғайып,
Күн ғайып…
Судырайды құр ғана
Бір сөзі жоқ бос Құран…

1094 рет қаралды

4 Пікірлер “Ақырет”

  1. Жолаушы:

    Табытты ай қалай тартпақ?
    Былдыр-былдыр, шылдыр-шылдыр бос сөздер тобы.

  2. Орынбасар.Ж.:

    Ақіретті астарлап, қияға ұшып қиялың,
    Ақ параққа – қап-қара, төгіліпті сия мұң.
    Жыламайды Жаратқан, Мұңсыз болған о бастан,
    Соның сыйы санаң мен кеудеңдегі күй-ағын.

    Жанашырлық жырыңа, ағаңның шын ақылы,
    Дін деген бұл дүние, абай болар тақырып.
    Бес уақыт мешіттен естілетін азан үн,
    Тұрған жоқ па байқасаң Ақыретке шақырып?..

    Ал табытты ай тартса, түсінуге болады.
    Ол да ақынның теңеуі, бір ұйқастың жолағы.
    Ай да, күн де, жұлдыз да, барлық жәндік секілді,
    Жеткенінше мезгілі мына әлемнің қонағы…

  3. Жыр құмар жан:

    Жолаушы, сен поэзия оқымай-ақ қойшы. Түсінбейсің. Қайтесің босқа өзіңді қинап.

  4. bagashar:

    nan keseme akberen jyrdan balyn kuiady,
    waitan syndy akyndy mazalasyn jyi ary.
    elgezektin ulynyn tausylmasyn kuiary
    `olen wirkin osekwi`- akyndardyn kialy

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion