Мен баяғы баламын, кекілдімін,
Мен бірдеме білетін секілдімін.
Түнде мені құшақтап жатады мұң,
Таңсәріде сүйеді бетімді Күн.
Армандар мен күйреулер арасында,
Тоңып тұрмын өмірдің жағасында.
Түстерімде сабылып сан аруақ,
Біреу маған сыбырлар таң астында.
Шаршадым ба өмірден,
Жалықтым ба,
Жұмақ сонда…
Білемін, тамұқ мұнда.
Менің ішкі дүниемді аластауға,
Құдыреті жетпейді-ау жарықтың да.
Бір үмітті іздеймін бекер күннен,
Өлең жаздым…
Ал, содан өтелді нем?
Нәрестенің иісін аңсап жүрмін,
Әлде қатты сағындым әкемді мен?..

Алғашқы оқырманы болғаныма қуаныштымын. Жаңа өлеңдеріңізді асыға күтіп жүргенмін. Шығармашылық шабыт шыңына шырқай беріңіз!
Түнде мені құшақтап жатады мұң,
Таңсәріде сүйеді бетімді Күн. — Әдемі жолдар!
Япырай,барлық фотосуреттерінде тағдырына тіке қарап тұратын, жігіттің іші толы сағыныш деп кім ойлар?!
Нәрестенің иісін аңсап жүрсіз бе?.. ))) Өзіңіз ол шаққа орала алмасаңыз да, өз нәрестеңізді құшарлана иіскеуге не кедергі? ))) Сәттілік Сізге!
Әкеге деген сагыныш, анага деген сагыныш, нәрестеге деген сагыныш… Сагыныштан туган олендерінді сагынып окитын окырманын көбейе түссін!!!
Менің ішкі жан дүниемді аластауға
Құдыреті жетпейді-ау жарықтың да… не деген ой…
Тамаша жазылган.
Керемет!
Шахабаев Курмаш
Поэзияны жанымдай жаксы көремін. Бірак аттен акындык кабілетім жок. Акынның мына олендері шынымен де оте асерлі, тамаша шыккан. Творчестволык табыстар тілеймін. Жаңа олендеріңізбен куанта беріңіз, акын аға.
Ақберенді қайдам, фамилиясы Елгезек деген авторды білетінмін, бұл өлеңді сол жазған болса, жақсы екен
Керемет өлең екен керемет Рахмет саған інім
Tek bari tamasha!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Жаным жабырқаулы, көңілім құлазып. Рахмет, жырыңызға жанымды жұбатты.
Ассалаумағаликум, аға, аманшылық па? көріспегелі қа-ша-н-н… сағынып жүрмін барлығын…
бүгін сіздің “лашығыңызға” тұңғыш рет ат басын тіреп отырмын. әдемі екен, кең, көркем.
айтпақшы, өлеңге пікір бере кетейін, айтар жоқ, сәтті шығыпты. бірақ үндестік пе, қайталау ма білмедім, соңғы екі шумақ Мұқағали көкемді еріксіз еске түсірді:
“сөредегі кермені кесіп өтсем,
маған әлі жетпейді құдайдың да”…
………..
Барша мұсылман, Ораза қабыл болсын!!
Тамаша!!!!!!!!! АЛЛА жар болсын!