03.04.11

Алақанымдағы гүл

Келші, күнім!
Алақанымды ашайын,
Сен оған нәзік гүл екші.
Жасымды бүркіп шашайын,
Гүл болсын бізге тілекші.

Жайқалып тұрсын, құлпырсын,
Жұмбаймын алақанымды.
Төгілсін оған нұр тылсым,
Аялап балапанымды!

Ернімнен ұшқан жылуға соңғы,
Балқытам жаңа таңымды.
Жұдырық қас сұлуға мәңгі,
Жұмбаймын алақанымды.

Жұмбақ бір шапақ шашылсын,
Дірілдек күлтесінен.
Бар мұңым іште басылсын,
Сұлулық еркесінен!

Сабағы нәзік ұмтылар биік,
Әжімдер арасынан.
Тамыры оның тартылар күйіп,
Жүректің жарасынан!

Сен үшін ғана, түн ішін ала,
Жаңа нұр жаратамын ба?!
Сен үшін ғана, сен үшін ғана,
Гүл өсіп тұр алақанымда!

612 рет қаралды

6 Пікірлер “Алақанымдағы гүл”

  1. МУНИРА:

    Бул олен иесі ягни арнаган адамыныз кандай БАКЫТТЫ

  2. Г:

    адемі олен.. Суйіктініз бакытты шыгар…

  3. Айгерім Кудекова:

    АҒА МЕНІ ҚҰР БОСҚА МАҚТАДЫ ДЕМЕҢІЗ. МАҒАН ӨЛЕҢІЗ ШЫНЫМЕН ҰНАДЫ.ҚАЛАМЫҢЫЗ ҰШТАЛА БЕРСІН\ АЙКО

  4. Айнұр Опиқызы:

    Қандай мойыншақтар!!!!!!!!!! таааааамаша!

  5. Бахытжан:

    Ассалаумалейкум ага! Калыныз калай? Иа Барлык ер азаматтар суйiктiлерiн осылай аялап курметтесе нур-нур устiне нур болар еди! ИншаАллаh солай болар . . . Оленiнiз тамаша, керемет . . . Тагы да . . . Жаратушы Жаббар Алламыз жар болсын!

  6. Ержан Құрманов:

    Сен үшін ғана, сен үшін ғана,
    Гүл өсіп тұр алақанымда!мына жолдар керемет екен!сөз жоқ!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion