05.01.10

Алғашқы қар

Диірмен-аспан түбінен,
Төгілді мәрмәр ұнтағы.
Азынақ көңіл етегін
Қымтағын.

Ақ ұлпа құстар ғарыштың,
Қонақтап жатыр жерге аман.
Бойынан сырғып қамыстың,
Бір тобы құлар көлге алаң.

Әуеде билеп ақ құйын,
Тигізді тауға табанын.
Тәңірдің берген ақ сыйын,
Қабылдап жатыр жалғаным.

Ақша қыз мақпал денесін,
Тигізді жапырақ-жігітке.
Сорайған аппақ енесі, 
Көндірді күзді үгітке. 

Күздің де бітті билігі,
Төрінде қыстың бейнесі.
Бебеулеп кірді килігіп,
Ақ аттар тартқан күймесі.

Қалықтап келіп көгімнен,
Төселді көрпе қар мамық.
Оранып аппақ кебінге,
Сіресіп қалды быламық…

P.S.

Терезе сырты ақ әлем,
Бер жағы дерт пен дәрілер.
Ұйқассыз ұйқы – ақ өлең,
Ақшақар қыздай дәрігер…

1710 рет қаралды

16 Пікірлер “Алғашқы қар”

  1. Жаркын:

    жарайсын!!! мынауың жаксы дуние екен…

  2. Манас Қайыртайұлы:

    жырыңнан сыр ұғындым,
    Тылсымын біліп бүгіннің.
    Қолыснан менің ертерсің,
    Соңыңнан ерген ініңмін.

  3. maqpal:

    суреттер қойып қойсаң қатып кетеді Ақберен

  4. Есім:

    Осыдан 4-5 жыл бұрын осы өлеңді Жусан оқып беріп еді бізге, Сізді аяғын ауыртып алып, ауруханада жатыр деген. Сол кезде осы өлеңді Сіз жазды дегенге сеніңкіремеп едім.

  5. вискоза:

    Алгашкы кар кашанда жаксы гой!

  6. Айгерiм Кудекова:

    мен кыста дуниеге келгем, 25-кантарда, сол ушин де кыс туралы олен унайды, алкашкы кар олени конлимнен шыкты

  7. Бастауыш мектеп оқушылары:

    Бұл өлең шумақтарын мектеп оқугыларына оқытса, масқара болады деп ойламайсыз ба? Қиялға беріліп кеткен тәріздісіз… Әр нәрсенің өз шегі бар…

  8. Бастауыш мектеп оқушылары:

    Бұл өлең шумақтарын мектеп оқушыларына оқытса, масқара болады деп ойламайсыз ба? Қиялға беріліп кеткен тәріздісіз… Әр нәрсенің өз шегі бар…

  9. Бакытгул:

    конилиниз осы аппак кардай,кашанда агарып журсин!

  10. лиза:

    Мен озімнің ой пікірімді жазамын

  11. лиза:

    Мен оз пікірімді айтаййн,,

  12. АЙГЕРИМ:

    BUI OLEN MENIM KONILIMNEN MULDEM WIKPADI.KEWIRINIZ. BUL MENIM PIKIRIM!!!!!!!!!!

  13. динара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ:

    Ғажайып туынд.Жарайсыз,Танакөз.мектеп оқушыларына оқытатындай-ақ өлең.Қазақтардың баласы неге осындай өмірдің ақиқатын мектеп жасынан түсінбейді…………. Қаламыңызға Аллах таалам қарымын бере бергей,,,,САУ БОЛЫҢЫЗ

  14. динара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ:

    Айгерім көңіліңнен шықпаса оқымашы,,Алдымен осындай өлең шығарып алшы,Ренжіме ,бұл да менің пікірім

  15. Айдос Оразбаев:

    Манас Кайыртай улы калайсын

  16. олен расыменде тамаша туынды екен кулактан кирип боиды алар асем ан мен татти куй демекши бул туындыныз тамаша онериниз орге жузисин !:

    Берiкбол

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion