Пәк ауадан көк түтінге ауысып,
Кемсең қағып, өксіп отыр бір адам.
Көз жасының тамшылары суарар,
Ақ сақалын қуарған.
Мәңгі-бақи күлмейтіндей ол енді,
Духанада қалып қойған тірі өлік.
Әкесінен сықпыртады әлемді,
Дию сынды түнеріп.
Айналасы – кәрі мен жас дөрекі,
Сырттағы әлем – тұманданған күз есі.
Саусағының арасындағы темекі –
он үшінші мүшесі.
Мәңгі-бақи күлмейтіндей ол енді,
Көкірегін жаулап алған қай қайғы?
Терезе алды жылап тұрған еменді
Кемпірім деп ойлайды.
Жын сөзіндей – духананың түтіні,
Шал соңыра емен түбі құлайды.
Аузы сыра көпіршігін жұтынып,
Ақ сақалы жылайды…

Е шіркін осыны оқитын “алкаш шалын” болсагой!
Кремет!!!!
“Саусағының арасындағы темекі –
он үшінші мүшесі”
Тауып айтылған.
АСТАФИРАЛЛА!!! Арак ішу, маскүнемдік Аллаға карсылык! Харам саналады… қайбір жақсылық дейсіз… АЛАЙДА, ӨЛЕҢ ЖАҚСЫ…
Смайликтер болганда гой конил-куйди билдиретин.. Жылагым келди
ӨТЕ НАШАР ЖАМАН АҚМАКТАРСКИ МАЛДАРЫСКИ КЕЛМЕИДЫ
Саусағының арасында темекі-
он үшінші мүшесі!
Терезе алды жылап тұрған еменді-
Кемпірім деп ойлайды!
Осы жолдар қатты унады.Жалпы өлең де жаман емес.
Да ладно вам………………….
Отиниш, поэзияны тусинбейтин адамдар окымандаршы бул олендерди!
арақ сенің арыңды жеген,
тапқан табысыңды,
соған жұмсап,жан алысқан