Алпыс екі тамыры ақырын бүлкілдеп,
Шаһар жатыр, көшелері күңкілдеп.
Ақындары аттанады үн-түнсіз,
Кеңсай жаққа біртіндеп.
Көкірегі сірілері – қамыққан,
Жалтақтайды сатылмалы жарыққа.
Әнебіреу талант еді тәп-тәуір,
Жатыр бүгін арықта.
Е, бұл қала кімді марқұм қылмады,
Алатаудың басында өлсін шын дарын.
Көсем болам! – деп келеді ауылдан,
Көкбазардың құлдары.
Болар жағдай боламын деп болар ма,
Құдай қыли қарайтындай оларға.
Қарындыға қала ішінен үй дайын,
Дарындыға – қол арба!
Қыз ақынның маңдай соры бес елі…
Ашыныспен артық айтсам, кеш, елім.
Бұл қаланы шеше көрген барлығы,
Әкесінің… мұндай өгей шешенің!
…Кел, ақындар, менен де бір ішіңдер,
Күбірлейді қып-қызыл мас мүсіндер.
Бұл қаланы
Құс аңдыған көшеден,
Есенғали ғана түсінген…

Бірде кешкісін аялдамада досыммен автобус күтіп тұрған болатынбыз. Жанымызға мас нашар киімді бір кісі келіп тиын сұрап қайыршыланып тұрған біз сұрағанын бердік. Сонан соң ол алғысын айтпақ болып бізге кезінде өзі жазған біраз өлеңдерін оқып берді. Бір ақ сөз, ол ғажап жазылған ….
Расында да. Алатау ауылдағылар үшін арман қала. Бағы барлар жанады, жоқтары сіз айтпақшы “Көз базарды” жағалайды.
Есенғалидың түйсігі басқаларға қарағанда артық болып тұр ғой, түсінгеніне қарағанда Алматыны…
Трагедия! Қоғам сондай болған соң да ақын – жалғыз, жыр – жалбыз…
Рас Алматы аскар таудай арман кала,дана кала,озбыр кала.Алматы кол жетпейт!н асем кала,акын айткандай огей кала!!!!!Алматыда тек калтасы ток,койлег! коктер гана с!нет!н кала!!!!!!