Қызықпауды үйрендім ештеңеге,
Қайғырмауды үйрендім «қош!» дегенде.
Тек жапырақ көңілім дірдектейді,
Күз келіпті кешікпей Өскеменге…
Мен біреуге қас па екем, дос біреуге,
Мен үшін бақыт енді кеш тілеуге.
Сен ұмыттың Шығысым өз балаңды,
Мен де үйрендім үніңді естімеуге.
Ано-о-у күзден көзімде бояу қалды,
Қайран Шығыс суына тоя алмадым.
Сен балаңды ұмыттың, үйренгенсің,
Мен өзіңді аңсауды қоя алмадым.
Бір күндерін бір күнге жалғап өткен,
Күзге қарай таусылар арман көктем.
Жүрегіме кіріп ап теңселеді,
Өскеменді қоршаған орман біткен…
Мына түні мөлт етіп, жер құшты кім,
Жоталарың неге үнсіз өркешті мұң?
Самбырлған дауысын Рүстемімнің *,
Еске салып жылайды Ертіс бүгін…
___________________________________
*Рүстем Есдәулет – ақын, режиссер, актер.

Күзгі мұң, күзгі сезім, күзгі тұман…араласа келе, досына деген сағыныш та ұяласқан.
Амал қанша…
Журегинде орманы бар акын жигит Алемге де,Айелге де Корган бола алады..!
Алла разы болсын баршаңызға!
Жүрегіме кіріп ап теңселеді,
Өскеменді қоршаған орман біткен…- !!!
Рүстем Есдәулет қайтыс болған ба? Алдынан жарылқасын!
аепнргртгнаекнакк нс ка еа
мен тусин кен жокпин мадина супер
i dont now.madina is fuu!!!
yes this poet is super but i dont now
i no speak in KAZAKH
өте қызықты, сырлы, жанды өлең шұмақтары екен
берекелі алтын күз
тамаша жазасын балам!!
жаксы олен
жақсы тапақ