Кеудемдегі көп көрініс кешегі,
Түйсігімнің түкпіріне көшеді.
Мәңгі-бақи тастар ма екен ұйықтатып,
Алақандай қабірстан төсегі?
Шынымды айтсам, ол – мұңымның кеселі,
Оны бірақ Тәңір маған кешеді.
Жүрегіме тас боп біткен секілді
Бар ғаламның қайғы-соры бес елі.
Сәуле шашқан сезім кетті сенделіп,
Шым-шытырық дауыстарға мүлде еніп.
Жадым іші қызыл жалын секілді,
Сағынышым – шимай-шимай күнделік.
Тағдырым да
(талай тиген таяғы)
Мені ұмытты,
Бәлкім жылап, аяды.
Сандырақпен бірге кетті жоғалып,
Санамдағы сансыз сұрақ баяғы.
Менде ой жоқ!
Ойлау енді кеш еді…
Тек тамшылар тыныштықты теседі.
Біреулерден сұрап көрсем өзімді,
«Ол пендеңіз өліп қалған» – деседі.
Жаздың салған бар бояуы кешегі,
Жапырақсыз көшелерде өшеді.
Қырға шығып жылап отыр қыркүйек,
Күздің келіп қалғаны ғой, есебі…

Таптаурын қып тағдыр берген көшені,
Бір пенде жүр маңдай соры бес елі.
Түнде отырып тылсым өлең жазады,
Таң алдында жиналмаған төсегі…
Айтшы қазір, сағат өзі неше еді?
Жарық шықса, ой-қиялды кеседі.
Түні бойы тыным болмай шабытқа,
Азанымен жоғалғаны несі еді?…
Тықырлатып төсегіне түнде еніп,
Оятады жын ұрғандай жыр келіп.
Аяз ұрып сықырлаған санада,
Тылсым ойдың тамырлары тұр берік.
Ей бауырым! мен де сені түсінем.
Ақын өмір күйіп, бірде үсіген.
Ақиқатың артқа кетіп қалмасын,
Жаңылдырып жалған өмір ішінен.
Ой, рахмет!
далбоебизм
жаксы шыгарылган екен!!!!!!
Сиздей акын бар екенин енди билип жатырмыз. Рахмет Сизге. Оте адеми, конилге конымды олендер жазады екенси. Отиниш Кыздын муны туралы олен жазсаныз. Гашык болган кыз жайлы.
Кеудемдегі коп корініс кешегі, туйсігімнін тукпіріне кошеді. Мангі-баки тастар ма екен уйыктатып, алакандай кабірстан тосегі? Шынымды айтсам, ол мунымнын кеселі, оны бірак Танір маган кешеді. Журегіме тас боп біткен секілді, бар галамнын кайгы-соры бес елі. Сауле шашкан сезім кетті сенделіп, шым-шытырык дауыстарга мулде еніп. Жадым іші кызыл жалын секілді, сагынышым шимай-шимай кунделік…
Ar_mr_li@mail.ru