Барлық адамның аңғалағы* бірдей келеді
Пері өмірін келгендей қайталағым,
Айна ішінен жаныма жай табамын.
Қарашықта жұлдыздар ән салады,
Қара аспанның нұрынан Ай толады.
Иесіз қалған күйіндей қыл қаламның,
Болашағы киесіз – бұл ғаламның.
Шиырланған жаһанның тамырымен,
Аппақ нұрды қуады түн қараңғы.
Түн қараңғы, басады сар Даланы,
Кірпігінен дірілдеп шам жанады.
Рухым кезіп іздейді кеңістіктен,
Беймекенде орныққан Шамбаланы.
Түнегімен үңіліп, жанды алады.
Шым-шытырқ айнаның әлемінде,
Өз-өзімді таба алмай сандаламын…

Күніне көңіл қырық құбылады.
Жанына жарық іздеп шұғылалы.
Белгісіз бұл өмірдің бедерінде,
Түйткіл көп түсінбеген ұғып әлі…
Серік таппай сырласар сенделемін.
Беймағлұм өзіме де жөн-дерегім…
Қайғы бұлты басқанда қайығымды,
Есімді ескек қылып емделемін…
Өзіңе сын айтамын, сырласамын…
“Жарнама” қып жанымнан жыр қосамын.
Жазбай мүмкін жасырып қояр ма едім,
Жымқырып кететұғын пұл болса әнім…