05.01.10

Аңсар

Сен менің сұп-суық қолдарыма
Сәуленің ұшқыны боп қонасың ба?
Жазылмаған өлеңнің жолдарында 
Өзің жайлы теңеулер таласуда.  
    
Бес күндік ғұмырымда жолықпадың,
Бес күндік ғұмырымда қызығы жоқ.
Бірақ та, көрінуге жалықпадың,
Түнгі түстерімнің үзігі боп.
 
Бейтүкпірлерге жоғалатын
Бейнең елестейді миым іші.
Бокалымды скверлерге жағалатып,
Күбіріңді жүрмін құйып-ішіп…

Дәптерімді, сүрленген ащы өлеңмен,
Қойныма тығып алып,
Өзіңмен қоса өлем мен,
Шұғылалым!

1001 рет қаралды

7 Пікірлер “Аңсар”

  1. Талапбек:

    Осы өлеңің ұнайды. Бұрынырақ бір оқыған едім.Жалпы жаңа заман ақынының тірлігін істеп жатыр екенсің, құтты болсын!

  2. Аңсар:

    мынау бір жалғыздықта жазылған шумақтар ау…, өте ауыр. соған қарамастан өмір жалғасуда……….

  3. Кереева Индира:

    Бейтүкпірлерге жоғалатын
    Бейнең елестейді миым іші.
    Бокалымды скверлерге жағалатып,
    Күбіріңді жүрмін құйып-ішіп…

    Неткен сурет! Жарайсыз, Акберен!

  4. Асель:

    Любовь пройдет как тень пустого сна…

  5. tolkyn-05:

    жазылмаған өлеңнің жолдарына
    Өзің жайлы теңеулер таласуда…

    қарапайым да құдіретті тіркестер…Бір сөзбен айтқанда,кез келген ақын бейнелей алмайтын айшықты образ.

  6. Зарема:

    Мұңмен жазылған сөздер маған ұнамайды. Және мына сайтты көргенде нашақорлар туралы деп ойладым маған ұнамайды

  7. Құралай:

    дәл осы өлеңдісәлбұрынырыақ оқығанымда жылар ма едім бәлкім,,, ал қазір мен ғашықпын…Өзіңізсияқты өлеңгетоймайтын қазақтың қарапайым жігітіне ғашықпын.Махаббат – мәңгі өлмейтін поэзия емес пе…Рахмет Сізге!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion