05.01.10

Атамекен

Тасы да мұңлы салар ән,
Тауы да тірі әулие,
Туған жерге оралам,
Топырағында бар кие.

Құстары – пері, сенсеңдер,
Сусылдап көлге қонатын.
Қайыршы түрде келсем де,
Қақпасы ашық жәнәтім!
 
Туған жер – әкем һәм анам
Тұмасы – мұздай зәмзәмім.
Тоғайдың қойны –  долана,
Жартастың қойны – алша мұң…

О, туған жер,
Өтті ғой деймін күнім мың,
Алыстап сенен, бұлғақтап…
Қаңғырып кеткен ұлыңмын,
Қалаға барып… жын қаққан.

Қамқоршым өзің шыдамды,
Қандайда болсам, қабыл ал.
Көйлек қып көкшіл бұтаңды,
Бұлтыңнан шекпен жамылам.

Жусанды ғана қалаған,
Жұмағыңда жүрген сайтанмын.
Топас та қапас қалаға
Періште болып қайтармын…

1453 рет қаралды

11 Пікірлер “Атамекен”

  1. Тика:

    Керемет.Қайталамбас сөздер.

  2. Ақзере:

    Ақберен Елгезектің қайталанбас ғажап туындылары

  3. Әпке:

    Қамқоршың өзің шыдамды,
    Қандай да болсам, қабыл ал.
    Көйлек қып көкшіл бұтаңды,
    Бұлтыңнан шекпен жамылам.
    Шынайы да әсерлі!

  4. Бир кыз:

    топасы топас! қаланың

  5. Гулжайнат:

    Осындай олен туган журекти устап журген сизге мында бир рахмет, Акберен!

  6. Ақбаян:

    Ауылыма бір барып келгендей болдым. Өлеңді оқып отырғанда барлығыңыз да сондай күй кешкендеріңізге сенімдімін.

  7. Ажар:

    ее… Сизге улкен рахмет!!! Ауылды сагынган сайын окып туратын болдым. Туган жеримди Ауылымды кааттыыы сагынамын

  8. Анара:

    Керемет!!! туған жеримнин тау тасына тіл біткендей!

  9. Айбота:

    Сиз туган жерде, мен де туган сияқтымын

  10. Айнур!:

    Assalaumagaleikum ya rahmatulahi ya barakatux. MawAlla kazagymnyn keremettei ul kyzdary bar ekengoi. Keremet eken olenderiniz. Magan katty unady. InwAlla budanda jaksy olender wigararsiz dep oilaim.

  11. Алмагүл:

    Туған жердің қадірі мен қасиетін арттырып, ауылдан қалаға безген жандардың кескін-кейпін қалай шебер бейнелей алғансыз! Керемет!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion