Аңсатып сол бір шақтың арман әні,
Көп болды ауылға да бармағалы.
Ә. Шегебай
Мамырдың мамыражай күнінде бір,
Мұң түртіп жүрегімді, бүлінді өмір…
Аңсадым ауылымның ақ селеуін,
Әлдилеп арманымды әлібек-жыр.
Тобылғысы гүлдеген таулары мен
Көк қамысын сағындым, бауларымен.
Досым еріп бармаса Күркілдекке,
Сайранымның сәні не барғаныммен.
Туған жерде құс – биші, киік жорға…
Көңілімді алдырдым күйік-зарға.
Бала болып қайтадан кетер ме едім,
Күнұзаққа шомылған Биікжарға.
Әнге салса әупілдек ұясында,
Қала түгіл, ғаламға сиясың ба?
Аунаушы едім қой бағып, кітап оқып,
Сартайпақтың сарғайған миясында.
Егілемін бұл күнде,
Төземін де.
Езу тартып мұң күлер өзегімде.
Қызықтым ғой қартайған қарияларға,
Қайтадан бала болған өз елінде.
Кешір ауыл, биыл да бара алмадым,
Қиын болды қалаға қамалғаным.
Үркер-жұлдыз гүлдеп тұр тобылғыдай,
Төбесінде адасқан адамдардың.

ауылды сагынып журек, мына керемет оленнен сон, одан сайын сагына тустик кой.Бари де боямасыз, каз калпында жазылган гой.
Өлең өте жақсы жазылыпты
Ал бірінші шумақтағы “әлібек-жыр” дегенді қалай түсінсек екен?
Туған жерді – ауылды ұмытпайық!
Каламкас
Каламкас
Өте тамаша! ауыл деген жаксы гой
АУЫЛДЫ САҒЫНҒАН ЖАКСЫ…ЖИІ БАРЫП ЖҮРСЕҢ, ШУАКТЫ, САУЛЕЛЫ ОЛЕНДЕР ЖАЗАР ЕДІҢ, АҚЫН ІНІМ…
Туған жердей жер болмас! Туған жердің суы да, тасы да қымбат қой әрқашан! Өлеңіңіз тамаша!
Өлең идеясы жаксы. Ауылга барып достармен балалык бал шак откен жерлерді алалап,аунап-кунау жаксы берілген.Алгашкы шумактагы ұйқас,тармак,бунакпен екінші шумакта бірізділік жок.жатык окылмайды.Таулары мен,бауларымен,барганымен уйкас куу.Солгын.Камыска коктен корі сары далірек.Туган жерде кус-биші,киік жорга тамаша озіндік поэзияга коскан колтанба.Алайда күйік-зар окырман ретінде конілден шыкпай тур.Биікжарга суга тусе алмауын куйікке салынып,зарлауга себеп емес деп ойлаймын.үшінші шумак жаксы.Ой жинакы.Ауылга сагынышты ашатын деталь бар.Егілемінді сал женілдеумен алмастырсан,сагынамын,саргайамын тарізді.Дерексізді деректендіре,жансызга жан бере өзектегі мұнга езу тарта күлдіруін ерен кейіптеу.Сонгы шумакпен айтар ойды жаксы түйіндегенсің.
Рахмет Аға! Көк қамыс деген жердің атауы…
Ақберен аға сіздің ауыл жайлы әдемі өлеңіңізді оқып жаным бір жадырап қалды. Рахмет сізге
Па, шіркін!
Күркілдек есімде,және қамысы қалың жер бар еді, атын ұмытып тұрмын…
Өлең емес қыртылдақ әшейін
Қызықтым ғой қартайған қарияларға,
Қайтадан бала болған өз елінде, – деген ойларын менин ойыммен ұштасқандай………………………… Аттен ақын болмадым деймін. Рахмет!!!!!! АЛЛА жар болсын!!!
Психологтар осындай ойда болса, басқа мамандардан не күтейін, рахмет Ақберен аға, ауылымды аңсап кеттім
Думан Абатов
Кен алкапты жазира даласы бар. Озенi бар Олентi сагасы бар. Жубан туган киелi Сайкудыкта. Келiн болган кыздардын багы ашылар. Сайкудыктын топырагы киелi. Сыр елi го ойткенi ол жыр елi. Казагымнын ен коркем жiгiттерi. Осы ауылда омiр суредi. Кара коз кыздары бар кулiмдеген. Нагыз акын танылады жырыменен. Мен ушiн туган жерiм Сайкудыгым. Астанамен,Лондон,Парижбен тен. Сен гой менiн журегiме гул еккен. Саган деген жыр жазамын журекпен. Сайкудыгым журегiмде сен аркез. Сенiн кошен артык Киров парктен. Авторы:Думан Абатов. Олендерiнiз тамаша екен.Мен акын Ж.Молдагалиев дуниеге келген Сайкудык ауылында дуниеге келдiм.Сiз менiн жазган жырымды калай багалайсыз.