
Жизнь моя, иль ты приснилась мне…
Есенин
Өңім бе еді бұл өмір, түсім бе еді?
Мен әлі де ештеңе түсінбедім.
Айнадағы бейнеге ұқсасам да,
Сол біреуге тартпаған ішімдегім!
Қайдан келді, білмеймін, бұл ұйғарым,
Біреудікі – өксігім, жымиғаным.
Қарашықтың түбінен оқта-текте
Оқылады дыбыссыз жыр-иманым.
Кейіпкердей өткен шақ өлеңінде,
Ұмыт болдым,
Белгісіз дерегім де.
Өмір сүріп беймәлім керегі не,
Керегі жоқ адамдар әлемінде.
Миллионжылдық секундтар есебінен
Ғұмыр ұшып жоғалған кеше күнге.
Өзім сірә тірімін!
Қызық екен…
Денем отыр бүкшиіп төсегімде…

добрый день Акберген
Я, в предположении, что поэт чувствует и выражает чаяния народа, предлагаю ознакомиться с одной идеей. Мне интересно мнение казахскопишущего поэта о правильности идеи и необходимо ее вольное изложение на казахском языке. Прошу вас позвонить мне по тел. 87017247733 или написать s.ayazbayev@smat.kz
Смат
Здравствуйте Самат! Честно признаюсь, ваш вопрос я не совсем понял.
Бүгін бе,әлде, кеше ме?
Көктем бе,күз бе,көшеде?
Бармын ба әлде жоқпын ба?
Түсінбей жүрмін ештеңе?!
Өң мен түс… Болмыс пен елес… Сыртың мен ішің… Арқаңды мұздатып, түйсігіңді шіміріктіреді екен! Класс!!!
Не айтқың келді?
Жақын тұрып жаныңа үңілгендей,
Ой көремін ойпырым-ай түңілгендей.
Аспанға ұшқан арманның қанаттарын,
Күңіреніп қара жер сіңіргендей.
Шет қалып Жаратқанның шындығынан,
Бас тартып бұйрық қылған құлдығынан,
Бақ есігі жабылып бақидағы,
Орын тиген адамдай “құрдымынан”.
Өңім бе еді бұл өмір, түсім бе еді?