06.09.11

Ян

Айдың беті толқыса,
Жұлдыз құлар түнектен.
Еркек жылар, сор құса,
Көзін сүртер білекпен…

Ғарыш жатса сілкініп,
Тайып кетіп тіректен.
Жыласа еркек бір күні,
Жылайды еркек жүрекпен!

Ақырзаман келсе егер,
Дауыл тұрар жер үсті.
Еркек өлер, өлсе егер,
Күңіренеді кеңістік…

408 рет қаралды

3 Пікірлер “Ян”

  1. Riskul:

    Bul ur abdan jaksu boluptur. Maga unaidu.

  2. Абеке:

    Түсініксіздеу екен

  3. Ақберен:

    Абеке, менің түсінігім жеткен жері осы, сіздің түйсік үшін жауап бере алмаймын… Аман жүріңіз!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion