21.01.10

Әпкеме

Маржанға

Алматының шетіндегі кафеде,
Маусымдардың арасында отырмыз.
Аруақтарға сағыныш бар көкейде.
(Үнсіз күтіп жүрміз ажал сотын біз).

Үнсіз ғана тілдесеміз екеуміз,
Ас мәзірін жалған оқып, мұңайып.
Жарты сағат – жарты ғасыр,
Не етерміз,
Іштей өксіп, жылайық.

Әкеміздің соңғы сөзін естіген,
Сен ғанасың, байыптап.
Өкінемін,
Аспан жаққа көз тіге,
Іздей берем бір бейнені ғайыптан.

Отырмыз ғой ой парағын ақтарып,
Өткен шақтан белгі бар ма, көрелік?!
Жүректегі Алла рухы-көк жарық,
Үнсіз айтар төрелік…

1003 рет қаралды

5 Пікірлер “Әпкеме”

  1. Гулжайнат:

    тух, кандай назик олен еди ози, жылагым кеп кетти гой…

  2. Гүлбану:

    Әкеңіздің қалған ғұмырын сізге бергей! Иманы жолдасы болсын!

  3. Толғанай:

    Қосатын ештеңе жоқ,тек қана өкініш…
    Бұл өксіген өмірде,туған адамымен тілдесе алмау!!!

  4. Анонимно:

    Бала үшін бір арман,
    Әке отын өшірмеу.

  5. Шора:

    Бала үшін бір арман,
    Әке отын өшірмеу.

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion