07.06.11

Бақтағы өлең

Мақпал түнде бақбақ бүрлеп,
Мені есіңе салсын бір.
Сол бақтағы аппақ гүлдер,
Шашып тұрсын тылсым нұр.

Түн сырғыса бұрымыңнан,
Күн нұрына малыншы.
Шегірткенің шырылынан,
Оянып ап, сағыншы.

Бұлбұл әнге салса егер,
Менің жырым деп ұғын.
Мені еске алсаң егер,
Мөлдірейді тұнығым!

Сені біреу жолықтырса,
Сенбе оған, сағым ғой.
Көбелек кеп қонып тұрса,
Менің нәзік жаным ғой…

Біреу үйге енем десе,
Есігіңді құлыпта.
Ал, жүрегің елеңдесе,
Мен тірімін, ұмытпа!

610 рет қаралды

2 Пікірлер “Бақтағы өлең”

  1. Толкын:

    Сені біреу жолықтырса,
    Сенбе оған, сағым ғой.
    Көбелек кеп қонып тұрса,
    Менің нәзік жаным ғой… тамаша олен.

  2. Ербол БЕЙІЛХАН:

    Біреу үйге енем десе,
    Есігіңді құлыпта.
    Ал, жүрегің елеңдесе,
    Мен тірімін, ұмытпа!
    Тамаша өлең!!!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion