03.04.11

Бір шумақ поэма

Көктемнің жұпарлы түндерінен,
Көк белдің сиқырлы гүлдерінен,
Құстардың бақытты үндерінен,
Ғұмырдың жақұтты күндерінен.
Наурызға асыққан ақпанымнан,
Көк таудың ақ көңіл ақ қарынан.
Шаһардың таң алды оттарынан,
Тарихтың балауса шақтарынан.
Нәп-нәзік көбелек қанатынан,
Аспанның ең жұқа қабатынан,
Мамырдың алғашқы сағатынан,
Төзімнің ең соңғы тағатынан,
Өтіп кеткен кешегі бір күнімнен,
Найзағайлы сеңгірдің күркірінен,
Адамзаттың жоғалған бір тілінен,
Әлемдегі сөздердің түр-түрінен,
Мойындағы тамырдың бүлкілінен,
Жанарымды қоршаған кірпігімнен,
Шілдедегі жап-жасыл жапырақтан,
Көлеңкелер созылған атыраптан,
Тәңір мені жаратқан топырақтан,
Саған өлең өріп берейін бе, жаным?!

532 рет қаралды

4 Пікірлер “Бір шумақ поэма”

  1. МУНИРА:

    Йа адам топырактан жаралды соган кайтамыз .
    АЛЛА СІЗГЕ БАК; КУАТ БЕРСІН : КЕРЕМЕТ Ой салатын олен

  2. Анонимно:

    Akberen, magan orip bershi bir olen! Menen bakytty zhan tabylmas edi.

  3. Nurlan:

    Aga olenderiniz keremet! orley beriniz. kurmetpen Nurlan Jumadyllaev okirmaniniz

  4. Олжас:

    Мына олениниз оте унады, соз жок!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion