Аяз кетпей санадан,
Ауладан мұз,
Жалғызсырап жалғанда жаурағанбыз.
Қыстың түні көлеңке түсіріп тұр,
Бұл қараңғылық екен деп ойламаңыз.
Аппақ шашын жайып сап жер бетіне,
Ызғарлана қыс қарар келбетіңе.
Ал, сен болсаң санаңды әлдилеумен,
Өлең жазып отырсың тербетіле.
Сенім қалмай періште мен адамға,
Барғың келер ең күнәһар қадамға…
Бірақ сені іркіп қалар әлсіз ой,
«Тағы бір рет үміт бер» – деп қоғамға.
Қоғам байқұс негізінде залалсыз,
Даму сондай, заңы сондай амалсыз.
Кім болсаң да қабылдайды ол сені,
Тек ақынын өлтіреді алаңсыз…
…Сайтан алғыр, суық бүгін түн неге,
Ұйқысырап жалған жатыр, үндеме!
Осы жолдар бітсін, шылым шегермін,
Сосын тағы жазып көрем бірдеме…
«Кент төртінші» ерінімде дірілдеп,
Түтінімен ою салар күбірлеп.
Адамы да, қоғамы да бар болғыр,
Анеу, ане көріп қойдым бір сурет!

Қыстың түні көлеңке түсіріп тұр,
рас… осы көлеңке адамға маза бермейтін…
Не деген бітпейтін мұң? – дейді қасымдағылар. Түсінгілері келмейді. Поэзия – состояние души! Мұңлы сәттерде ақын жалғыз. Қуанышты бәрі бөліскісі келед тағы.
Болат аға, Сіздей түсінсе барлығы…Онда поэзияның миссиясы орындалып, көкжиекте сұлу сұлбасы еріп кетер еді…
Кияли да акын, кудиретти де акын, сорлы да акын… когам кошеди, акын калады… сиз де калыныз мангиликке, жыр боп Акберен.
“Өлең деген туады қайшылықта” деп жалғызсыраған кезіңізде жырға мұң шаққаныныз көрініп-ақ тұр. бірақ, сізге әлі де көп іздену керек сияқты. кәсібилік қажет
жапалақ қар себелеп
“қашан бітеді мына қақаған аяз” деп ашуланам-ау… “Жалғызсырап жалғанда жаурағаннан” сақтасын Құдай… Аман болыңыз, Ақберен!
Е қазақтың ақыны.Қазақта “бірдеме” деген сөз жоқ. “Бірдеңе” деген бар….ПОЗОООООООООООООРРРРР!!!!!!!!!!!!
psixolog kylkimdi keltirdin/seni aiap kettim.
мунлы ан жазу онайма?
онша емес олен
оооооооооооооооо кушті
оленинниз тема екен унады
Бастапқы бетБір кісіТылсым хаттарыТүйсік таңбаларыСана ойындарыТергеуЛебіздерСуреттерАудио/ВидеоАнимацияАқынның лашығыЖаңа өлең06.01.10Бірдеме туралы өлеңАяз кетпей санадан,
Ауладан мұз,
Жалғызсырап жалғанда жаурағанбыз.
Қыстың түні көлеңке түсіріп тұр,
Бұл қараңғылық екен деп ойламаңыз.
Аппақ шашын жайып сап жер бетіне,
Ызғарлана қыс қарар келбетіңе.
Ал, сен болсаң санаңды әлдилеумен,
Өлең жазып отырсың тербетіле.
Сенім қалмай періште мен адамға,
Барғың келер ең күнәһар қадамға…
Бірақ сені іркіп қалар әлсіз ой,
«Тағы бір рет үміт бер» – деп қоғамға.
Қоғам байқұс негізінде залалсыз,
Даму сондай, заңы сондай амалсыз.
Кім болсаң да қабылдайды ол сені,
Тек ақынын өлтіреді алаңсыз…
…Сайтан алғыр, суық бүгін түн неге,
Ұйқысырап жалған жатыр, үндеме!
Осы жолдар бітсін, шылым шегермін,
Сосын тағы жазып көрем бірдеме…
«Кент төртінші» ерінімде дірілдеп,
Түтінімен ою салар күбірлеп.
Адамы да, қоғамы да бар болғыр,
Анеу, ане көріп қойдым бір сурет!
тупайски олен чорт
оте жаксы олен рахмет
маган дал осы олен керек еди рахмет
мағанда керек болған рақмет