06.01.10

Бүгін сенің жанарыңа үңілдім

Бүгін сенің жанарыңа үңілдім,
Онда неге періштенің мұңы жүр?
Сүймей-ақ қой!
Бірақ маған өмірдің,
Жылуы мен сұлулығын ұғындыр!

Жарық шашқан жаның нұр да, тәнің гүл,
Сайтансың ба, перісің бе, бәрібір!
Сенің барлық болмысыңнан, құбылып,  
Маған бүгін күліп тұрды Тәңірім!

Сескенбеймін күдіктер мен үміттен,
Жол бермеймін көндіру мен үгітке.
Сыйың болсын мен сияқты жігітке,
Ішіме еніп, жүрегімді көріп кел!

Сонда мүмкін жанарыңнан жаралы,
Бір бақыттың көрінеді аралы…
Жалт қарашы!
Өліп жатқан ішімнен,
Мен өмірге қайта келем оралып!

1617 рет қаралды

16 Пікірлер “Бүгін сенің жанарыңа үңілдім”

  1. Ақзере:

    Иә,шынымен-ақ!

  2. Шұғыла (Е.А.Р):

    көздегі мұңды ешнәрсе жасыра алмайтыны қаншалықты анық болса, сіздің жақұт жырларыңыз керемет екендігі соншалықты анық, ақиқат

  3. Ақберен:

    Алла разы болсын, Сіздерге Шұғыла, Ақзере!

  4. Мәншүк:

    Тамаша. Бірақ, кейіпкеріңіз өмірдебар ма? Әлде, шынымен көктегі періште ма?

  5. Гүлбану:

    Жанарыма үңілсеңде, телміріп, Жүрегімді ұға алмадың дер едім егер жауап жазу керек болса. Аға шығармашылық табыс тілеймін.

  6. Айгерим:

    Өте керемет екен журегим жакын олен екен

  7. Лаура:

    Махаббаттын кудиретин оте жаксы бейнелепсин Акберен!
    Бул дерттин барлыгын даригерсиз калай гана котерип жур екенсин?!
    Жалт қарашы!
    Өліп жатқан ішімнен,
    Мен өмірге қайта келем оралып!

  8. kalamkas:

    Бугін сенің жанарыңа уңілдім,
    онда неге періштенің муңы жур?
    суймей-ақ қой, біріқ маған өмірдің,
    жылуы мен сулулығын ұгындыр!
    Өлен керемет! авторы Ақберен…Ақберен!
    Суретіне көзім түсіп еді, журегім зу ете қалды. Тан қалдым. Жанарында куллі әлемннің қуанышы мен қайғысы тұгелдей сиып турғандай. Маған ғайыптан осы жақұт жырлардың егесі Ақберен болуға, түр-келбеті де дәл осындай болугға тиісті болып көрінді. Өлндерін оқыған сайын осы ойымды дәлелдей тускедей.
    Ақбереннің жырлары мұхит тубіндегі маржандай ерекше жарқырап тұр. Алмас қылыштай өткір,жібектей нәзік. Жұп-жұмыр. жүрекке жылы, санаға сіңімді. Ақыннын Ақберені! Аллах тіл-көзден сақтасын!

  9. Қазақ қызы М. Қ.:

    Сескенбеймін күдіктер мен үміттен,
    Жол бермеймін көндіру мен үгітке.
    Сыйың болсын мен сияқты жігітке,

    …Мен осындай журекті қазақ батырын іздеймін…

    Сонда мүмкін жанарыңнан жаралы,
    Бір бақыттың көрінеді аралы…
    Жалт қарашы!
    Өліп жатқан ішімнен,
    Мен өмірге қайта келем оралып!

    Өмірге қайта келем сенің әр өленіңмен,
    осындай тамаша жолдар туған жүрегіңе ғашықпын!!!

  10. Али Акмарал:

    Акберен оте тамаша.

  11. Акзер:

    Олендериниз адамнын журегине оте жакын,Сизге шыгармашылык табыс тилеймин!

  12. гульназ:

    мына оленініз кімге арналған Ақберен аға?жауап берінізші отініш.

  13. Ақберен:

    Сүйіктіме.

  14. вискоза:

    Оте керемет!Сізге шығармашылық табыс тілеймін!

  15. Damir_919191@mail.ru Абенов Дамир!!:

    Оленiнiз мунлы бiр, екен нала.
    Журсiн барi осы оленнен секем ала.
    Ойымнын да журегiмнiн тунгиыгын
    мундандырдым келешекке кете бара.
    Жаксы соз жаксылыкты шакырады.
    Умытпаныз бул созiмдi, ете дара.
    О дуниенi кайтесiз буйырмагыр.
    Кеп калгасын омiр дейтiн жиынга бул.
    Аруыннын жайнандаган жузiн корiп.
    Кадам басып барганын да жетедi, ага!

  16. МОНИКА:

    МЫНАНДАЙ ОЛЕҢ ЖОЛДАРЫ АРНАЛҒАН АҚБЕРЕННІҢ СҮЙІКТІСІ ҚАНДАЙ БАҚЫТТЫ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion