Бұл жалғанда тоқтатар ажалды не?
(Түсінбейді ешқашан тозаңды жел)…
Қызыл парақ – жүрекке періштелер,
Өмір жайлы мазақтап жазады өлең.
Тәңір демі – самалдан сөз алып ем,
Өлең жаздым, ал содан тазарды нем?
Өткен күн мен кеткенді ойлай қалсам,
Көз алдыма келеді бозарып ел…
Жаны шығып жесірлер жылауынан,
Түн құлайды тырналар тырауынан.
Осы түнге сіңер ме мына соқпақ,
Баяғыда басталған бір ауылдан?..
Жесірлер жылауынан мұң құраған,
Аулаларға аспаннан түн құлаған.
Түстерімнен өңіме көшіп алып,
Түйсігімде тұншығып кім жылаған?..
Күбірлеген тылсымнын елшісіндей,
Өлең ғана – өмірдің еншісіндей…
Тағы да бір ақынды көміп кетер,
Тағы да нәзік жанын ел түсінбей…

Қадыр ақынның қазасын естігенде көңілде осы бір сұрақ тұнып қалып еді…Ажалды тоқтатар күш қайда..тек елге берген еншідей боп ақын атын өлтірмес өлеңдер ғана болмаса…
Өмірге адам жылап кеп, жылап кеткен.
Бұл тағдыр, түскен бізге сынақ көктен.
Бай да өткен, батыр да өткен, бірақ мәңгі,
Адам жоқ бұл жалғанды тұрақты еткен…
Жоқ болар бір күн жалған білдірмей-ақ.
Сыйқырын сана сезіп үлгірмей-ақ.
Өткізген өміріңнің бәрі өтірік,
Тоз болған, тоқсан жылың бір күндей-ақ.
Туылғаның бұйрығы Тәңіріңнің.
Тоқтатар дейсің Алла әмірін кім?
Өміріңнің өлшеуін ОЛ кеседі,
Бұйрығы Оның соғуы тамырыңның…
Өмірде,
Қайғы мен қуаныш қатар жүрер
Кейбірде, бақытты нөсерлетер
Ал бірде ортамызға қайғы келіп
Қаламыз біз бәріміз жерді теуіп.
Сол қайғыны адамдарға неге берер?
Өмірде қонақ болып адам кетер
Бұл жалғанда Жақын жанды Ысрайыл
Аллаға да керек-деп алып кетер.