Сенің нәзік серпілгенде кірпігің,
Тәңір маған сыйлап тұрар күлкіні.
Сенің ғана жүрегіңнің дүрсілі,
Өзгертеді бар әлемді бір күні.
Сенің ғана ерініңнің дірілі,
Сенің ғана өрілмеген бұрымың.
Сенің ғана сөздеріңнің шырыны,
Сақтап қалар сұлулықты ең ұлы.
Сенің ғана көздеріңде мөп-мөлдір,
Көңілдегі мен аңсаған көктем жүр.
Ғаламдағы жалғыздардың жұлдызын,
Жандыра алсаң, жандырасың тек сен бір!
Сенің ғана жанарыңның жалтылы,
Тірілтеді мұңға батқан жалқыны.
Саған ғана жан-дүниемді шарпулы,
Мұз қылады көздеріңнің салқыны!
Аясаңшы, алтыным!

Тамаша. Мөлдір де нәзік. Биязы да шетін жыр.
Жаксы өлең екен. Нағыз лирика деген осындай болса керек
Қарапайым тілде жазылғандықтан, бірден түсінікті, жүрекке жағымды. Өлеңді оқыған әрбір қазіргі заманның қызы, баяғыдағы Жібектердей тәккаппар, нәзік, қазақы қызының бар қасиетін бойына сіңіруге асығады деп ойлаймын.
Сенің ғана көздеріңде мөп-мөлдір,
Көңілдегі мен аңсаған көктем жүр.
Жарайсың!!!
Тамаша.Нәзікте сұлу қыз дүниесін түсіңген,нағыз ғашық жүректің жыры.
Әй, Ақберен! Атың бекер Ақберен емес-ау!!! Копировать етіп алдым. Жаттатам!
Жөн екен
Көңіліңді тербетеді. Тамаша сезімге бөленесің!
Керемет, адемi создер!
Назик махаббат…
Унады. Тамаша,керемет журектен шыккан создер. Сол сезимге озим боленгендеймин.
Каламкас
мен қызыма жүрегіммен айтатын өлен ғой мынау?! қалай біліп қойғансыыыз?
Оте тамаша, соз!м де, тенеу!м де жок….
Құрметті, Акберен замандас, сізбен жакынырак танысуга боладыма? Өлеңдерініңізді оқып сізді көргім келеді… Қазақ радиосы
Хабарласыңыз!
Сенің ғана… Сақтап қалар сұлулықты ең ұлы! Нағыз қазақ қызына арналған деңізші!
Айгүл М. Қазақ радиосы.
Өтірік есім. Астанада да, Алматыда да мұндай журналис жоқ. Ақберен өзі жазып отыр. Барлық өлеңді қарап шықтып. Қаптаған пікір жазғыштар. Бірде бірі сынамайды, мақтай береді, мақтамен мауыздап біітретін болды байғұс баланы. Ақберенге шынымен жанымыз ашыса сын да айтуымыз керек. Ол сынды жақсы қабылдайды!
Нағыз Али Ақмарал болса, бұлай жазбас еді. Мен өлеңдерімді мақтасын деп емес, оқысын, қазақ поэзиясы тірі екеніне көз жеткізсін деп жарияладым. Сайтты да сол үшін аштым. Сын айтсаңыз, мен өсемін. Одан ұтылмаймын. Күтемін, сынаңыздар!
Мен Айгул М. емеспин,Казак радиосынан да емеспин,ол кисини танымаймын да,брак мен Акбереннин олендерине гашык болып,жакынырак таныскым келген,таныстым да.Мен секилди журек емин онын олендеринен тауып журген мунлыктар аз емес кой.Мундагы пикирлер-журектен шыккан алгыстар екенине оз басым сенемин.
Мына 18 п!к!рд! жазган адамга тан калып отырмын. Мен Акмаралмын. Мен Акберенмен кунде сойлес!п отырмын. Сол уш!н мынандай от!р!к п!к!рд! мен!м атымнан жазбасанда болады.Ойпырмай сын айткыш екенс!н, мен!м атымды жамылмай-ак айта берсейш!. Б!раз кул!п алдым жазганына. !ш!н ортен!п бара жаткан байгуссын гой… Акберенд! коре алмай
Тамаша шумақтар,алайда аяқталмай қалған секілді
Маған ұнамай қалды. Сылдыр сөздер тізбегі, мағына жоқ.
….Менің жігітім ақын емес, бірақ осы бір өлеңді мәнерлеп оқып берсе мен өзімді бақыттыыыыы сезінер едім…
Оқып сенің мынау өлең сөзіңді,
Жастығымның иісі маған сезілді.
Алып-ұшып алауыртқан армандар…
Сағынғандай алаңғасар кезімді.
Желкілдеген жастығымды қия алмай,
Өксік қысып өкінемін ұялмай.
Барып тұрып бал татыған еріннен,
Сары қызды кеткеніме сүйе алмай.
Тілсіз сезім тұңиықтан бой қарып,
Ой түбінен ой туады, ой барып…
Тәрк етіп мныа күйкі тірлікті,
Кетсем бе екен қарақұмға қой бағып?…
керемет. сизге де каламының ұшқындала берсин деймин
Қоңыр дөңде қара қобыз, қара домбыра, ол қазақтың кеудесі. Ақын саусағы соны ғана тербейді.
Қызыл іңірде батқан күннің жамалы сөнеді. Барлығы ғайыптан келмейді. Жазылар хаттар солар ғана өлмейді.
Керемет олен.
Ағайын,Ақынның өзіне айтар ойларыңыз болса, өзіне тікелей шыққаныңыз жөн болады. Бұл жерде тек өлең-жырлары жайлы пікірлеріңізді ғана қалдырыңыздаршы! Әйтпесе, “баяғы – бай-қожаның таяғы” деп, өз пиғылдарыңызды көрсетіп жатасыздар…
Мен казакты суйемiн.Казак акындарын жаксы коремiн.Соз онерiн жаксы коремiн.Соз онерiне тан каламын.Мына олен тамаша екен.
Өленди калай окуга болады?