Қалмахамбет Мұқаметқалиға
Қамығамыз бекер біз.
Рас қой, енді!
Бұл жалғанға бөтенбіз.
Жалған жарық жақтырмаса,
не етерміз,
Көлеңкеге айналармыз екеуімз…
Қазір кілең бай-манаптар үдеп тұр.
Тәңір егер берсе бізге тілекті,
Көлеңкемен жіберер ек жарық қып,
Күні ертеңгі түнекті.
Көз көрместі біздердегі без көрген,
Ұғып болдық – заман қатты өзгерген.
Ерен ойды жаратамыз деп жүріп,
Таяқ жедік ергежейлі сөздерден.
Не демекпіз халыққа?
Қарық олар шамдар шашқан жарыққа.
Көлеңкеден көлеңкелер түсіріп,
Күбірлесе тұрайықшы тамұқта…
…Міне, қазір хабарласам,
Қамықпа!

Жабыркаган жан дуние, мен сенимен таныспын… Оленнен емес, омирден… Маган да сендей суйениш болар жан бар ма екен, бул дуниеде?
Кімнен сүйеніш іздеп жүрсіз, қазақтың қызы?
Шамасы,өзіңізден болар!)