14.01.10

Сәлем, көктем!

Сәлем, көктем,
Мен қайтадан туылдым,
Көк аспанның күмісімен жуындым.
Көк мұз жапқан шатқалында көкейдің,
Ақ арманның бүрлейтінін ұғындым.

Сәлем, көктем,
Таңғы самал ескенде,
Бұлт гүл болып өскенде,
Дәл мен сынды, көңілмен де, еспен де,
Көк шөппенен жыр жазбаған еш пенде.

Сәлем, көктем,
Өрнек қандай су салған,
Жасыл қырат – жасыл сағым бусанған.
Жас шағымда жиі ағатын жұлдыздың,
Жұпар исін жұта берем жусаннан.

Сәлем, көктем,
Өліп кетпеу үшін мен,
Күннің нұрын жүрегіме түсіргем.
Аспан асты – керемет той, аста-төк,
Ағыл-тегіл жұлдыз нұры ішілген…

Сәлем, көктем,
Өркеш-өркеш томарың…
Сәлем, көктем, қаз-үйректім, қоғалым!..
Қаулап шықты жауқазындар сүт аңқып,
Қауызында сақталса еді обалым!..

Сәлем, көктем!
Кіл еңбекқор, кіл асқақ
Құмырсқалар жағдайымды сұрасқан.
Көңілімнің оркестрін ойнатты,
Тырналардан нота түзген мына аспан!..

7088 рет қаралды

32 Пікірлер “Сәлем, көктем!”

  1. ABZALSARIYEV:

    Aga ademi keltiripsiz!!! Asirese songi shumaktar!

  2. aнку:

    айтарга да жазарга да тiл жетпес бүл жырга

  3. Нұрлан:

    Көктемді шынайы сцреттепсиз рахмет! Жақұт жырларыныз көбейе берсин

  4. Гүлзат:

    Рахмет!!!!!!Өте керемет Менің лог.Аxbai_gulzat_92

  5. дамира:

    оңай көктем туралы өлеңдер

  6. Дана:

    кушты олен

  7. Aida:

    Өлеңдеріңіз тамаша!Маған ұнады.Көктеммен би өнерін байланыстыратын өлеңдер жазыңызшы,көктем тек табиғатпен шектелмиді,адамдар билегісі келеді дегендей иә,Ұсыныс қалай сізге.

  8. atr_emi@mail.ru:

    Керемет уйкас создер, сауатты ойды жеткизе билген!Рахмет!

  9. айнаш:

    рахмет мен тапканымды таптым

  10. бакыт:

    көк мұзды еріткен көктем жасасын!!

  11. млки:

    кешер жаман

  12. моки:

    бирак жаксы

  13. моки:

    Сәлем, көктем,
    Мен қайтадан туылдым,
    Көк аспанның күмісімен жуындым.
    Көк мұз жапқан шатқалында көкейдің,
    Ақ арманның бүрлейтінін ұғындым.

    Сәлем, көктем,
    Таңғы самал ескенде,
    Бұлт гүл болып өскенде,
    Дәл мен сынды, көңілмен де, еспен де,
    Көк шөппенен жыр жазбаған еш пенде.

    Сәлем, көктем,
    Өрнек қандай су салған,
    Жасыл қырат – жасыл сағым бусанған.
    Жас шағымда жиі ағатын жұлдыздың,
    Жұпар исін жұта берем жусаннан.

    Сәлем, көктем,
    Өліп кетпеу үшін мен,
    Күннің нұрын жүрегіме түсіргем.
    Аспан асты – керемет той, аста-төк,
    Ағыл-тегіл жұлдыз нұры ішілген…

    Сәлем, көктем,
    Өркеш-өркеш томарың…
    Сәлем, көктем, қаз-үйректім, қоғалым!..
    Қаулап шықты жауқазындар сүт аңқып,
    Қауызында сақталса еді обалым!..

    Сәлем, көктем!
    Кіл еңбекқор, кіл асқақ
    Құмырсқалар жағдайымды сұрасқан.
    Көңілімнің оркестрін ойнатты,
    Тырналардан нота түзген мына аспан!..
    2962 рет қаралды
    12 Пікірлер “Сәлем, көктем!”

    ABZALSARIYEV:
    02.03.2010 в 06:15

    Aga ademi keltiripsiz!!! Asirese songi shumaktar!

    aнку:
    04.05.2010 в 11:08

    айтарга да жазарга да тiл жетпес бүл жырга

    Нұрлан:
    21.02.2011 в 05:06

    Көктемді шынайы сцреттепсиз рахмет! Жақұт жырларыныз көбейе берсин

    Гүлзат:
    10.03.2011 в 01:55

    Рахмет!!!!!!Өте керемет Менің лог.Аxbai_gulzat_92

    дамира:
    19.03.2011 в 10:23

    оңай көктем туралы өлеңдер

    Дана:
    04.04.2011 в 07:37

    кушты олен

    Aida:
    08.04.2011 в 06:05

    Өлеңдеріңіз тамаша!Маған ұнады.Көктеммен би өнерін байланыстыратын өлеңдер жазыңызшы,көктем тек табиғатпен шектелмиді,адамдар билегісі келеді дегендей иә,Ұсыныс қалай сізге.

    atr_emi@mail.ru:
    10.09.2011 в 12:03

    Керемет уйкас создер, сауатты ойды жеткизе билген!Рахмет!

    айнаш:
    19.10.2011 в 11:17

    рахмет мен тапканымды таптым

    бакыт:
    25.11.2011 в 04:57

    көк мұзды еріткен көктем жасасын!!

    млки:
    27.01.2012 в 07:41

    кешер жаман

    моки:
    27.01.2012 в 07:42

    бирак жаксы

  14. Айгерім:

    Танғажайып көктем

  15. Акниет:

    өте әдемі өлен

  16. Еләманова Айгерім:

    керемет өлең тагы өлеңдер керек кім білет?

  17. өте керемет өлең екен! Маған ұнады! Шығармашылық табыс тілеймін!. Менін лог hi_dear_9494@mail.ru:

    Раби Сұлтан Бегім

  18. БАХА:

    буны озы шыгардыма!???

  19. БАХА:

    буны озы шыгардыма!???

  20. dinara:

    agai sizge kop-kop rahmet oleniniz ote tamawa eken***** zhalpi magan unadi

  21. aktan...2002@inbox.ru:

    salem koktem kow keldin osi omirge bakit kuaniw nurindi waw

  22. дәурен:

    Жақсы болды.Маған бейнелеу өнері сабағына керек еді.Мықты болады

  23. АЛМАС:

    Өте тамаша шығыпты сөз жоқ

  24. САЯ:

    Өте жақсы өлең,

  25. Анонимно:

    Оленлериниз тема екен!маган барлык шумагы уналды!!!

  26. АРАЙ:

    ОТЕ КУШТИ МАГАН УНАДЫ

  27. Гульшат:

    Өлеңдерініз өте тамаша! Қаламыңыз шыңдала берсін! Сіз сияқты ақындарымыз көбейе берсін! Сайт ашып, халық қажетіне жарап жатқаныңыз – үлкен мәртебе! Рахмет!

  28. Асылхан:

    Сәлем, көктем,
    Мен қайтадан туылдым,
    Көк аспанның күмісімен жуындым.
    Көк мұз жапқан шатқалында көкейдің,
    Ақ арманның бүрлейтінін ұғындым.

    Сәлем, көктем,
    Таңғы самал ескенде,
    Бұлт гүл болып өскенде,
    Дәл мен сынды, көңілмен де, еспен де,
    Көк шөппенен жыр жазбаған еш пенде.

    Сәлем, көктем,
    Өрнек қандай су салған,
    Жасыл қырат – жасыл сағым бусанған.
    Жас шағымда жиі ағатын жұлдыздың,
    Жұпар исін жұта берем жусаннан.

    Сәлем, көктем,
    Өліп кетпеу үшін мен,
    Күннің нұрын жүрегіме түсіргем.
    Аспан асты – керемет той, аста-төк,
    Ағыл-тегіл жұлдыз нұры ішілген…

    Сәлем, көктем,
    Өркеш-өркеш томарың…
    Сәлем, көктем, қаз-үйректім, қоғалым!..
    Қаулап шықты жауқазындар сүт аңқып,
    Қауызында сақталса еді обалым!..

    Сәлем, көктем!
    Кіл еңбекқор, кіл асқақ
    Құмырсқалар жағдайымды сұрасқан.
    Көңілімнің оркестрін ойнатты,
    Тырналардан нота түзген мына аспан!..

  29. ару:

    көктем келді жер көгерді далаға нұр төгілді гүл мен ағаш гүлдеді

  30. Маки:

    Маған көктем туралы өлең шумақтар керек.тауып беріңдерші өтініш…

  31. Маки:

    Ерекше болса…

  32. сулеимен:

    е кішкене жамандау

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion