03.04.11

Сағыныш + үміт

Сен де мені сағынарсың,
Ашса қауыз гүл бақта.
Іздеп мені сабыларсың,
Мен жүрмейтін бір жақта.

Бұлттан бейнем түзілгенде,
Мені аңсарсың бір күні.
Іштен әуен сезілгенде,
Қобалжисың біртүрлі.

Талдан, таудан сұрап мені,
Таба алмасаң, жыларсың.
Мың нүктеден құрап мені,
Жол шетіне құларсың.

Жүрегіңе мұң аларсың,
Өтіп көл мен теңізден.
Бәлкім біліп қуанарсың,
Жүргенімді сені іздеп…

814 рет қаралды

7 Пікірлер “Сағыныш + үміт”

  1. kalamkas:

    маган унады,жаксы!

  2. Шолпан:

    Олендериниз керемет! Бакытты бол!

  3. МУНИРА:

    ЙА УАКЫТТын кунын білмей отіп кеткенне сон НЕ пйда окінгенмен ЙА АДАМДЫ аДам багалау керек тірісінде , КАСЫНДА барында

  4. әділет:

    Өлеңдеріңіз керемет аға!шабытыңыз мұқалмасын.мен дәрігер болсамда өлеңдеріңізді жаттап келем

  5. вискоза:

    Керемет!Соз жоқ!Оте жаксы!

  6. Айгерім Кудекова:

    аға өлең ұнағаны соншалық, мен өлеңізге ғашық болдым,Неткен шынайы тәп-тәтті сезім десенші, олен жүрекке жетті.КЕРЕМЕТ,ТАМАША,ӨТЕ ЖАҚСЫ

  7. Аксезім:

    Шынымды айтайын ба?… Ренжіменіздер… бурын сізді жактыртпаушы едім… олендерінізді тусінбейтінмін… байкаймын, казір тап-тауір жазады екенсіз… енді-енді унап келесіз… осы жолдан адаспанызшы

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion