Шашырап жалын жапырағы,
Ғаламның көшер түбінен.
Жұлдызды тұрсам бақылауымен,
Тәңір еңбегін түсінем.
Шыққанда сұп-сұр шығыс жақта,
Қорғасын мүрде Сатурнның.
Қаһарлы түнгі осы шақта,
Тәңір қабағы қатулы.
***
Ақсұр аспан үстімнен төніп,
Ашық орманның құшағы.
Лимон сабағын батпақ көміп,
Қараға сары тұсаулы.
Биіктікте ызғарлы шуыл,
Жалғанды жатыр көмкеріп.
Жастығым өтер елес қуып,
Мұңлы ойлардан өртеніп.
