Жанымның жабыңқы әлемі,
Көңілдің күбірлі кемсеңі.
Сен жайлы емес бұл өлеңім,
Ұмытып үлгіргем мен сені.
Сен жайлы ой емес,
Дегенмен,
Сол бейнең көз алды, бұрыңғы.
Мен сенсіз көруді үйренгем,
Болғанмен болашақ бұлынғыр.
Шарапты, өзіңе ұнаған,
Мен бүгін ішемін бокалсыз.
Сен жайлы сезімдер қураған,
Күздегі гүлдердей жұпарсыз.
Сен жайлы естелік емес бұл,
Бұл өлең ғайыптан сезілген.
Сөздердің ішінде елес жүр,
Сен жайлы сезімнен безінген…
Сен жайлы емес бұл өлеңім,
Ұмытып үлгіргем мен сені.
Жанымның жабыңқы әлемі,
Көңілдің күбірлі кемсеңі…

Әдемі өрнектелген. Мұнда бір философиялық ой жатқан сияқты. Оқушы бір ғашық жайлы екен деп ойлап қалуы мүмкін, бірақ оған деген ренішті сен жайлы емес бұл деп-ақ үлкен философиялық ойды өлең өрнегімен жеткізгендей.
“Сен жайлы” өлең маған ұнады. Осындай өлеңдерді дүниеге әкеле беріңіз біз сіздің тұрақты оқы рманыңызбыз. КазГУ
bul olen baribir “ol” jaily. menin pikirim osy…
Менин де бир шимайым бар еди Сен жайлы деген.
Гашык та болгам жок бирак та,
Сен жайлы жазамын,- деп аякталатын. Бас тарткыныз келеди бирак барибир бас тарта алмайсыз одан…
ортанколды шыгарма!
Сіздің сайтынызды жакында гана тауып алдым, окып шыктып, озіне жеке бір алем! олендерінізді окып шынымды айтсам алі кунге есенгіреп журмін, есімді жия алар емеспін…
МАГАН КАТТЫ УНАДЫ!АЛЛАМ СІЗГЕ ЖАР БОЛСЫН!
кейбір ойлар жаксы қүрастырлған
Коркем! маган унады!
расында жаксы жазылған рахымет сізге
жаксы жазылған рахымет
Өлен өте керемет жазылған
айтары жоқ әдемі жазылған
- Сен жайлы емес бұл өлеңім, Ұмытып үлгіргем мен сені…
– Дұрыс айтасың, Ақберен, көзден кеткен – көңілден кетеді…
керемет екен