Сені сүйдім…
Өліп қалмау үшін бе,
Бір түннен соң көру үшін бір күнді?
Мен әйтеуір, теріп жүрем түсімде,
Көз жасымның түбіндегі күлкіңді.
Мазақ қылды әрбір түннің түнегі,
Жүректегі сезімімді қинап ап.
Өзім болып Ай аспанда жүреді,
Өзің үшін жұлдыздарды жинап ап.
Сол баяғы Жер мен Аспан бұрынғы,
Тек ішкі әлем – өзгерістің құрбаны.
Жарқыраған неге аңсаймын түріңді,
Неге күтем түнішіндік сұлбаны?
Махаббаттың мұңы қандай тәтті еді,
Махаббаттың шаттығы да азапты.
Тәңірім-ай сының неткен қатты еді,
Аямайтын жаны нәзік қазақты?!.

Мына өлеңіңіз ұнамады. Әсіресе ,”Жарқыраған неге аңсаймын түріңді…” деген жолдар
Осы кімді осыншалықты аңсайтыныңды ойлайм кейде. Бақытты жан ғой сол адам!
Адам жанынын озі АРМАНДАУ мен АНСАУДАН .
СЕЗІМ МЕН МАХАББАТТАН турмайма ?
СУлулыкты сйюдін несі айып ?
АЙел-шанырак-КИЕСІ , АНА- ЖАР ;СУЛУкыз -гул
бар акындар сол сулулыкты жырламайма ?
керемет олен…
АҒА БҰЛ ӨЛЕҢ БАСҚА ӨЛЕҢНЕН ӨЗГЕШЕ ЕКЕН. МЕН АЛҒАШҚЫ МАХАББАТЫМА СОҢҒЫ ШУМАҒЫН ЖАЗЫП ЖІБЕРДІМ.ШЫН ТАЛАНТ ДЕП ОСЫНЫ АЙТ. СОЛ МАХАББАТЫМ ОРАЛСА ҒОЙ ШІРКІН. КЕЛМЕСКЕ КЕТТІ ҒОЙ…..ҚАЙДА СОЛ КЕЗДЕР…АЙГЕРІМ ҚАЛИАХМЕТҚЫЗЫ.
Тәңірім-ай сының неткен қатты еді,
Аямайтын жаны нәзік қазақты?!.
Акберен мырза,қазақ грамматикасында сан есимнен кейин коптик жалгауы жалганбайды-деген зандылык бар. Осы сайтка кирген сайын 12 пикирлер, 30 пикирлер деген козге тым кораш коринеди. 12 пикир немесе 30 пикир болуы керек емес пе?
жалпы соңғы өлеңдер ақынның атақ даңқынан алыстап қалғанба деп қалдым,бұндай өлең қатардағы еш жүлде еш атақ алмаған ақын жандылардың да қолынан келер еді, аты затына сай болған жақсы ғо, демек бүданда бик деңгейдегі өлеңді күтеміз..
Ар кезде адам ар турлі сезім де болады емес пе!Ақберен аға да ақын ғой!Ал ақыннын жаныаркашанда назік болады!Онын несі айып сал гана озін бала сиякты устаса!
Адемі екен
керемет өлең
ууууууууууу класс
Сені сүйдім…
Өліп қалмау үшін бе,
Бір түннен соң көру үшін бір күнді?
Мен әйтеуір, теріп жүрем түсімде,
Көз жасымның түбіндегі күлкіңді.
Мазақ қылды әрбір түннің түнегі,
Жүректегі сезімімді қинап ап.
Өзім болып Ай аспанда жүреді,
Өзің үшін жұлдыздарды жинап ап. Мына шумақтар тіптім әдемі екен аға!Алла жар болсын!
Мырзалиев Абай
олениниз пикир жазса гана окылады ма Корсетилмейди екен