14.01.10

Ең әуелі сөз болған

Ең әуелі сөз болған

Інжілден

Алдымен Сөз!
Содан кейін барлығы,
Солай еді Хақ-Тәңірдің жарлығы.
Сөзден ғана пана тапқан жүрегі,
Аянышты ақындардың тағдыры.

Алдымен Сөз!
Содан кейін барлығы,
Солай еді Ұлы ақынның жарлығы.
Содан бері қарашықтың түбінде,
Жаратқанның жазылмайтын бар мұңы.

Алдымен сөз!
Содан кейін тіршілік,
Бір құрсақта бұлқыныпты, тұншығып.
«Күн!» – дегенде көкжиектен күн шығып,
«Түн!» – дегенде қыр астынан түн шығып,
Шайырларды құшақтайды қымсынып.

Алдымен Сөз!
Содан кейін елеңдеп…
Әріптерден құралатын әлемде.
Жұлым-жұлым дәптеріне ғаламның,
Көз жасы боп тамшылайды өлеңдер…

Алдымен Сөз!
Содан кейін бар дала,
Тымырайып жалған сөзге алданар,
Жүректерге көшер ме екен сүртілмей,
Тамшыдағы таңбалар?…

841 рет қаралды

3 Пікірлер “Ең әуелі сөз болған”

  1. Орынбасар.Ж.:

    Алдымен сөз!
    Оған ешбір жоқ талас.
    Бұйрық болмай бір Алладан тоқтамас.
    Құдіреттің кәләмынан бар болған,
    Тілің мимен, жүрек жырмен ноқталас.

    Алдымен сөз!
    Ол да Хақтың сыйлығы.
    Тұр санада миллион сөздер ұйлығып.
    Шынға шақыр Тәңір берген тілменен,
    Жаратқанның жасап сөйтіп бұйрығын…

  2. kalamkas:

    Тамаша дуние!

  3. Гульфия:

    Сөзбен қолдайсын, сөзбен жоқтайсын
    сөзбен армандарға жетелейсін,
    Сондықтан…Алдымен Сөз!
    Содан кейін барлығы.

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion