«Мен сені сүйем!» – десем,
Ол тылсымның әмірі.
Мен арқылы білдірер,
Өз Сезімін Тәңірі!
Мұң қинаса ұдайы,
Жүрегіңде дірілдеп.
Сені ойлады Құдайым,
«Балапаным, күнім» деп!
Шер жиналса бір демде,
Көңіл қалса, босаған.
Жылайды екен кеудеңде,
Сені аяп Жасаған…
Күлкің тұрса езуде,
Тірі жанды қаратқан.
Жәрдемдесті сезуге,
Бір бақытты Жаратқан!
Ішің қардан түңіліп,
Қысқа айналса өмірің.
Саған қарар үңіліп,
Көктем болып Тәңірің.
Кешіргенде балаңды,
«Балапаным, күнім» деп.
Сағынғанда анаңды,
Тәңір тұрар күлімдеп…
«Мен сені сүйем!» – десем,
Мен айтты деп ойлама.
Сені сүйді Тәңірім,
Мен дәнекер жай ғана!

Шер жиналса бір демде,
Көңіл қалса, босаған.
Жылайды екен кеудеңде,
Сені аяп Жасаған…
ххх
«Мен сені сүйем!» – десем,
Мен айтты деп ойлама.
Сені сүйді Тәңірім,
Мен дәнекер жай ғана!———- Мынадай өлең жолдарын бірінші рет көріп тұрмын. Мұңның тағы бір вершинасы!
Мхм… Ақберен сіздің өлеңдеріңізді оқи берсем, ғашық боп қалатын түрім бар Сізге)))
Тиіспе менікі ол!)))
Дұрыс, бәлкім тағдыр талап еткені,
Қайта келмес сол кездердің көктемі,
Сен кеткен соң демек мына өмірдің
Бакыты да келместерге кеткені…
СҮЙЕМ ҒОЙ СІЗДІ!Ал, сіз……………………….(((
Толеген сенде арман жок.
ішің қардан түңіліп,
Қысқа айналса өмірің.
Саған қарар үңіліп,
Көктем болып Тәңірің.тамаша сөздер. Адамга куат күш жігер береді.