03.04.11

Дәрменсіздік тізімі

Саған бәрін айтар едім,
Сөз таба алмай қиналам.
Үмітсіздік – шайтан еді,
Арманыма сыймаған.

Саған бәрін білдірер ем,
Бүлдірем деп сескенем.
Қолдан келсе, күлдірер ем,
Дірілдеген еспенен.

Жұмбағыңды шешер едім,
Шертер едім қай күйін?
Жүрегімді тесер едім,
Есер едім, қайтейін!

Бір ғұмырды бастар едім,
Жер бетінде өлмеген.
Сені өлтіріп тастар едім,
Гүлді таптап көрмегем…

538 рет қаралды

3 Пікірлер “Дәрменсіздік тізімі”

  1. МУНИРА:

    СІЗДЕ не арман ?бар ЖАНЫНыздын жарасын оленменен емдейсіз . БАКЫТТЫСЫЗ……….

  2. Айнур:

    Маган Жаннын жеткiзе алмаган создерiн Сiз жеткiзесiз… Акынга да сол ушiн басын иедi ел!

  3. Нарынбеk Жумашев:

    Танiр жар болсын!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion