Құпияңды біле алмай, жұмбақталған,
Елесіңе еремін бұлғақтаған.
Бесік-кеудем тербетер әлсін-әлі,
Мұң-баланы жүрекке құндақталған.
Ақ сағымға жөңкілген қыраттардан,
Ақ таңдарда кемсеңдеп сыр ақтарғам.
Өзің жайлы ештеңе білмеген ол,
Еріп кетті мен қойған сұрақтардан.
Мен өзіңді сұрағам, ұнап қалған,
Құрақтардан, баулардан, бұлақтардан.
Мұнар бейнең көз алды келе берді,
Мен айтпаған сөздерден жылап қалған.
Ұйқасы жоқ, үтірсіз шумақтардан,
Түтіндеген балауыз шырақтардан.
Мен сұлбаңды көрем де, алқынамын,
Көкіректі кернеген шуақтардан.
Өмірімді қайтейін тұрақталған,
Сен қасымда емессің, шырақты арман!
Жұлдыздарды жинаумен жұбанам ғой,
Көк аспан күрсінгенде құлап қалған…

Акберен ага мына олениниз жаксы екен, Асиресе уйкастар тамаша жазылган.
Ақ сағымға жөңкілген қыраттардан,
Ақ таңдарда кемсеңдеп сыр ақтарғам.
Өзің жайлы ештеңе білмеген ол,
Еріп кетті мен қойған сұрақтардан… мммдаа! Ешкайсы ештене айтпайды…
Әдемі! Өлеңнің әдемілігін бұзбау үшін артық пікір айтып қажеті жоқ.:-) Әдемі өлең “Мен айтпаған сөздерден жылап қалмайды”…
ҚАЗІР ӨЛЕҢНІҢ ҰЙҚАСЫ ЕМЕС, СЕЗІМНІҢ ТЫМ НӘЗІК ШИЫРЛАРЫ ҚЫЗЫҚ! ҚҰЛАП ҚАЛҒАН АСПАНДЫ ҚАЛАЙ ҒАНА КӨТЕРЕМІЗ?