07.10.10

Феличита

Аппақ рояль. Аппақ төсек.
Райхан гүлдер жұпары.
Ақ төсекте ару жатыр, басылмаған құмары.
Ақ бөлмеде ақ парақтар шашылған,
Әр парақта сенің бейнең-сыңарын…

Қызыл шарап. Шылым демі. Әуен-жыр.
Терезеден сығалаған әлем тұр.
Қарашықтан шашыраған бояудан,
Керіледі кемпірқосақ өлең бір…

Теңіз сыры. Егіз сезім шалқыған,
Құмар мұңы тамырымда балқыған.
Жұмақ жаққа шақыратын секілді,
Әуедегі рояль үні қалқыған.

Аппақ төсек, ақ құшағың ашылған,
Ынтықтығым бір күшейіп, басылған.
Көкке ұшып бара жатыр құстардай,
Паркеттегі ақ парақтар шашылған…

Ойна, ойна!
Рояль жаны жыласын,
Ойна, жаным!
Көктен күмбір құласын.
Сенің бейнең ақ парақтан түрегеп,
Көлеңкеңнен жоғалмауын сұрасын…

Аппақ сезім, қызыл шарап бірлігі,
Ажыратар екеумізді бір күні.
Рояль даусын дірілтетер біртүрлі,
Шылымымның ширатылған түтіні…

934 рет қаралды

19 Пікірлер “Феличита”

  1. Ардак КУЛТАЙ:

    тамаша! курылысы да, идеялық ізденісі, эстетикалық көркемдігі де жақсы. (Шылым калмайтын болып ты тек…)

  2. Ақберен:

    Мен жүрген жерде шылым да жүреді…

  3. Не важно:

    вахахахахаааахахахаа кулкимди келтирди мына олен

  4. Айнұр:

    тамаша олен! Озиндик ерекшелиги бар екен

  5. Айсулу:

    Неге аты “Феличита”?, Бакыт деген олен болганы ма, феличита БАКЫТ деп аударылады гой?!

  6. Ақберен:

    Иә, итальян тілінде “Бақыт” деген сөз.

  7. Макс:

    Барин каойшы, сол олен жазылган сатти айтсаншы…

  8. Даурен Смагул:

    Сатти жазылган, оленнин оралымдары унады…

  9. Бауыржан:

    Сіз өлеңдеріңізді “екі тілде жазады” деп естідім, сол рас па, және қай тілде жазған ұнайды?

  10. Ақберен:

    Орыс тілінде аз-маз шимайлаймын…

  11. Думан:

    Өлең оралымдары тамаша үйлесімде екен…

  12. акерке:

    оте адеми олен! Каламыныз карыштай берсин Акберен ага!

  13. Гулраушан:

    Сиздин олендериниз адеми! Дараланып турады,,,,,

  14. Боря:

    Че за хренотень бля????????????

  15. Боря:

    Ееее только без обид ребята……. Шындық есть шындық

  16. Ермек:

    Мынандай компьютербасты жарты ақындарға қор болған қайран қазақ поэзиясы-ай

  17. Есенбек Ахметов:

    Сөз жоқ керемет өлең!барлығы жолдары терең оймен алынып тамаша уйлесим тауып тур.

  18. Шора:

    Ақ төсекте ару жатыр балқыған,
    Жарты саны жалаңаш.
    Бөлме ішінде рояль үні шалқыған,
    Көк түтінмен аралас.
    Жан сырымды ақтара алмай алқынам,
    Айтпай қалсам жарамас.
    Өйткені мен ішпегенмін ал Ару,
    Шала жансар, шала-мас.

  19. Абзал САРИЕВ:

    керемет!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion