Ноктюрн
Шаһардың сансыз оттарынан,
Көмескі бүгін мына аспан.
Жайқалған өмір бақтарынан,
Жүрек пен гүлдер жыласқан.
Ғұмырдың нұрсыз іздерінен,
Ғарыштан түсті түнектер.
Шамдардың мұңсыз көздерінен,
Аспанға ұшты жүректер!
Ажалсыз рух қой,
Тәңір күткен,
Махаббат өлген тек қана.
Ән-күймен жерді дірілдеткен,
Әуеге ұшқан шоқ қана…
