06.01.10

Гүл теру

Жүр қалқам баққа, гүл терейік,
Оларда сан жоқ, сұлуым!
Райхан гүлдерді тірілтейік,
Көрмеген жаздың жылуын.

Олардың нәзік білтелерін,
Жел иіп жатыр қарашы.
Жұпарын шашқан күлтелерін,
Арманға біздің балашы!

811 рет қаралды

2 Пікірлер “Гүл теру”

  1. Әсем:

    Керемет!

  2. Орынбасар Ж:

    Көктемде мен де гүл теремін,
    Көбелектермен таласып.
    Басына шығып бір төбенің,
    Бірінен тағы әрі асып.

    Көңілден күңгір сыр теремін,
    Жүрегім жырға қалашық.
    Жабырқау тұрған сұр көденің,
    Жанында тұрам жарасып…

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion