06.01.10

Гүлдер

Ол жақтағы гүлдер мүлде өзгеше,
Солған емес, келгенімен күз неше.
Ақ қауызы ашылады ән салып,
Сайтан келіп үзбесе.

Ол жақтағы гүлдер мүлде басқаша,
Қаулап өсер, тамырымен тас қашап.
Мына әлемді мойындатар күні ертең,
«Сұлумыз!» – деп таспаса.

Ол жақтағы гүлдер мүлде бөлек тым,
Солай, солай, сұрамаңыз деректі!..
Олар жайлы өлең жазу үшін де
Әулиелік керек тіл!

Түсін мейлің, түсінбе,
Ойға шомсам жетімектеу пішінде,
Сол бір гүлдер бір-бірімен сырласып,
Жыр тоқиды… түсімде… 
Көздеріңмен көре алмайсың оны сен,
Кешір мені, олар менің ішімде.

2542 рет қаралды

19 Пікірлер “Гүлдер”

  1. Рахима:

    Керемет ага! РАХМЕТ!

  2. Гүлбану:

    Жүрегіңіздің гүлдері мәңгі солмасын!

  3. Махмұтов Әлішер:

    6 сынып оқығаныммен өлең өте тамаша!!!

  4. Орынбасар.Ж.:

    Әрине оны өзің ғана білесің…
    Түс те болса Алла берген үлесің.
    Сол түсіңде мұңаясың жабырқап,
    Сол түсіңде қуанасың, күлесің…

    Сол түсіңде жыр теңізін кешесің.
    Жалған өңнің қайтарасын есесін.
    Түсіңдегі, қуат берсін өзіңе,
    Өңіңдегі кездескенде неше сын…

  5. alina cool:

    ойбай мына оленнин турин карандар ужас фууу кай уялмайсын?

  6. Мырзабаева Фариха:

    Гүлді қалай баптауға болады әсіресе бөлме гүлдерін және гүлдер туралы не білесіздер

  7. Aidos:

    Jaksy olen eken Akberen aga bizge unady.

  8. Алтынай:

    орташа,былай жақсы екен

  9. Ләззат:

    Маған қатты ұнады үлкен рахмет

  10. Baha:

    sizge kop rahmet

  11. Аружан:

    Ішіңдегі гүлдер өте әсем екен!!!!!

  12. ЖанЕрке:

    Гүлдер мәңгі көкірегіңде көктесін…

  13. Анонимно:

    гквот вр

  14. Аяулым:

    маған катты ұнады үлкен рахмет

  15. асыл:

    бұл өлең өте жақсы жазылған екен

  16. Гүлназ:

    Мына өлең өте керемет екен

  17. Аяулым Муратова:

    Өлеңдер өте тамаша жазылған

  18. Айнұр:

    кімнің жазғаны? Әйбәт екен!

  19. Айнұр:

    қарашы, қарашы, гүлдер қандай тамаша,
    құлпырмайды егер келсе айы Қараша.

    Мен де тармақ жазайын!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion