03.04.11

Гүл жауған шақ

Сені ойласам, ауа маған шашар гүл,
Ғажайып гүл, түрлі-түсті күлтесі.
Сол гүлдерді тек өзіңе қашан бір,
Сыйлайды екем, еркешім!?

Олар менің кеудеме кеп құлайды,
Жатар сосын пейіш аңқып, майысып.
Сыйланбаған гүлдер неге жылайды,
Сабақтары қайысып…

Әлдебірін саусағыма орап ап,
Өн-бойынан жасыл сөлді татамын.
Ішім сосын алай-дүлей борап ап,
Қара жерде көк аспан боп жатамын….

663 рет қаралды

2 Пікірлер “Гүл жауған шақ”

  1. МУНИРА:

    Дуние бір кисык жол бурандаган,
    Бак,тайса, баска даулет куралмаган .
    Куніне токсан турлі пале жауса,
    СОндада уміт узбе бір АЛЛАДАН

  2. Айгерім Кудекова:

    КЕРЕМЕТ\ ЖАРАЙСЫЗ.АЙКО.

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion