06.01.10

Иә мен жоқ

«Иә» мен «жоқтың» арасында жауабың,
Мен еститін сол үнсіздік баяғы…
Ал, мен сенің көздеріңе табынып,
Жүрегімді жайнамаз қып жаямын.

«Иә» – десең таралады бойға ыстық,
«Жоқ» – десең бе? Мен жаһанға симаспын.
Бізді қазір бір нүктеде ұстап тұр,
«Иә» мен «жоқтың» арасында қимастық.

Кейде ұшып кетердейін құс болып,
Кірпігіңнің әр қимылы астарлы.
Сол кірпіктен тұтанады бір күні,
«Иә» мен «келдің» ортасында құштарлық!

940 рет қаралды

3 Пікірлер “Иә мен жоқ”

  1. Дәурен:

    Бас қатырып, қандай сөзді алма-дүр,
    “Иә” мен “жоқтан” қысқа сөзің бар ма бір?!
    Бірақ, кейде “жоқ” деп кесіп,
    жай ғана
    “иә” деуге жетпейді, рас, бар ғұмыр!

  2. Казак кызы М. К.:

    “Иә” деп айта алу да – ерлік екен…

  3. Айгерім Кудекова:

    аға барімізде жоқ деген сөзді естігіміз келмейді, дәл қазірде ғашығым “жоқ”- деп кешірмей жатыр. өлең көнілімнен шықты. тамаша

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion