03.04.11

Имани көктем

Бүршік ата келседағы көктем-қыз,
Кеудемде бұл ерімейтін неткен мұз…
Жаралсақ та ақ нұрынан Алланың,
Көлеңкеге неге ұқсап кеткенбіз?

Бұл көктемнің нұры да өзге, сыры да,
Тәнім менің – мұң құйылған құмыра.
Жанарымда қара жалын билейді,
Жолатпайды мың құбылған құбыла…

Ішіне еніп сайтансыған сағымның,
Кіммен бұлай арпалысып жаным жүр?
Мен өзімді ұмытқым-ақ келеді,
А, Тәңірім сағындыр!

Кіресілі – шығасылы неге есім,
Қандай азап өзді-өзіңмен күресу.
Табиғатқа қараймын да жылаймын,
Сондай ғажап үйлесім!

Көктем, көктем…
Өзге көктем, жаңа дем…
Гүлің болып, түнің болып қалар ем!
Мені бірақ күтіп отыр бір бейбақ,
…Ғарыштағы сол біреуге сыңар ем…

Жоғалтқаным көп секілді жиғаннан,
Қимағаным көп секілді қиғаннан.
Аспан жаққа көз тігуге ұялам,
Қарашығым нұрланбаған иманнан…

Аппақ нұрдың жұпарынан емделіп,
Бұлт арасы кетер ме едім, сенделіп.
Өткен өмір – күнәлардың тарихы,
Періштенің қолындағы күнделік…

657 рет қаралды

22 Пікірлер “Имани көктем”

  1. Ж.Ж.:

    “Имани көктемді” бекерден бекер бірінші қоймаған боларсыз? Жаңа өлеңдеріңіздің арасындағы ең мықтысы, меніңше. Ішкі иірімдеріңізді сондай ғажап үйлесіммен көрсеткен жақсы өлең екен.

  2. Керім:

    Сенің өлеңдеріңді Періште мен ғарыш ерекше көп қолданылады, айналып келгенде қиял ғой. Ал сол қиялдағы әдемілік пен құпиялылықты шынайылықпен жанастырып жазу дегенің тек сенің қолыңнан келетіндей ғой, Ақберен!

  3. kalamkas:

    жаксы екен.

  4. Арман Бердалин:

    керемет! АЛЛА қуат беріп, жазғаныңыздан жазарыңыз көбейсін!

  5. Назгуль:

    Iшкi дүниеңіз бен акыл-ойыңыз арасында болып жатқан арпалысты ерекше бейнелепсіз, адамзаттын барлығы жүрек лебізін тындаса бақыттырақ болар еді, бірақ оны кеш түсінеміз, ештен кеш жаксы дегенде бар

  6. МУНИРА:

    АЛЛАга сенген кустай ушады -дейді .
    Сильныи человек умеет призновать,свой ошибки.
    Слабый же пытается просто их забыт.но
    Бірак сіз алі жассыз гой
    Арман биіктерініз алда .Каламыныз дын ушы сынбасын АМИН

  7. МУНИРА:

    Арман Бердалиннін тілегіне косылам АРМАН саган АЛЛА КУАТ берсін сізде КЕРЕМЕТ жазасыз

  8. Бақытжан:

    Ақберен адам да, ақын да нұрдан жаратылмайды.Тақырыбы неге имани гүл? ашып тұрған жоқ.3 рет қайталап оқыдым.Ақын/адам/ толыққанды рухани бағыт беруші болуы үшін бірінші исламды меңгеру керек.

  9. Абдрайм:

    “Өткен өмір – күнәлардың тарихы,
    Періштенің қолындағы күнделік…”
    Жақсы,бірақ тек күнәлар ғана ма? Есениннің стиліне ұқсайды екен

  10. Есім:

    күндердің күнінде сол періште күнделігіңізді оң жақ алдыңыздан берсін, Ақберен аға!

  11. Айгерім Кудекова:

    АКБЕРЕН АҒА МАҒАН ӨЛЕҢІЗ УНАДЫ. БРАВО\ ДЕП АЙТАР ЕДІМ.

  12. Елсерік:

    Биік дүние! Тек парсының “И” жұрнағын балалатпасақ екен… қазақ өлеңінің құны түседі

  13. Ажар:

    Акберен мырза,қазақ грамматикасында сан есимнен кейин коптик жалгауы жалганбайды-деген зандылык бар. Осы сайтка кирген сайын 12 пикирлер, 30 пикирлер деген козге тым кораш коринеди. 12 пикир немесе 30 пикир болуы керек емес пе?

  14. Райхан Жусупова:

    Керемет! Әсіресе соңғы шумақтын соңғы екі жолы…

  15. Азамат:

    Алиде осындай ушкыр ойлы, жана шыгармалар туындауына тилектеспин.

  16. жырға ғашық:

    қазақта ғарыш қиялымен жазылатын өлең жоқ жақсы бастама екен

  17. жырға ғашық:

    қазақта ғарыш адымымен қиялдайтын өлең жоқ еді, жақсы бастама екен

  18. marzhan:

    Коптен беры олендерынынзды окымап едым. шетелде Алматынын коктемын ансап журген мен ушын бул оте керемет. Менын сезымымыды жеткызып тургандайсыз. Каламынынзга нур бытсын. Сызден ардайым жана олендер кутемын.

  19. Тоты:

    Көктем, көктем…
    Өзге көктем, жаңа дем…

    Иә,көктемнен қашан да үміт күтетін беу-көңіл…!

  20. Раян:

    сіздің өлеңдеріңізді жыламай оқи алмаймын рахмет

  21. Сағыныш:

    “Бұл көктемнің нұры да өзге, сыры да,
    Тәнім менің – мұң құйылған құмыра”.
    Тебірентеді!

  22. Айдар:

    Жыр толы құмараға айналуыңа тілектеспін

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion