Жалғыздық пен мылқау түннен түңіліп,
Жүрек бүгін тоқтап қала жаздаған.
Ал, мен тұрмын аспан жаққа үңіліп,
Жылынам деп жұлдыздармен аздаған…
Бәрі – бекер, жылыта алмас аспан түк,
Өте суық , қатал өте жұлдыздар.
Бар да шығар суықтықта бостандық,
Жылылықта – мұңлы ызғар?..
Оу, жұлдыздар!..
Жаурағам жоқ мүлде мен,
Өздеріңнен сәуле іздеуді қоймағам,
Мына қыста жүрек нұрға шөлдеген,
Мен басқаны ойлағам…
Енді міне берекесіз шалдай бір,
Көңіл бүгін «күңкілдегіш» боп алған.
Қандай сәуле,
Қандай жылу,
Қандай нұр,
Тауып берем мен оған?..

Сәулеңіз де, жылу мен нұрыңыз да өлеңдеріңізде…
Күн шалмас қараңғылықты, күн жылытпас суық көңілді өзіңіздің жарық әрі ыстық туындыларыңызбен қуанта беріңіз, Ақберен аға! Құрметпен тілеулесіңіз
иа ақын аға бул олеңіңіз де керемет!Бір қызығы сіздің олеңдеріңіз меің жай-күйімді айқын көрсететіндей болып тұрады!Осы ушін де сізге Алла разы болсын!
мен неге оқи алмай жатырмын?? неге экран беті қап қара, ештеңе көрінбейді?
кешіріңіздер, енді ашылды. өте керемет өлең жолдары. шабытыңыз шыңдала берсін!
elegant_onix.kz@mail.ru