Күңгірт бөлме.
Жалғыздықтың әуені.
Әр бұрышта күрсіністер мүрдесі.
Кеше ғана бәрі, бәрі бар еді,
Енді жадым – өткен күндер түрмесі.
Ал, ауада гүл өсіп тұр тамырсыз,
Күлтесінен күн күлкісі аңқиды.
Ол ұйқыда, сана тыныш, жан үнсіз,
Әлдебіреу тән ішінде балқиды.
Қабырғалар әңгімесі…бұрынғы,
Шеңбер жайлы бітпейтұғын дау ғана.
Көшелерде сұлбалар жүр бұлыңғыр,
Марғау ғана есінейді тау ғана.
Гитараның пернесі ме үзілген,
Дүр-қобыздың жанайқайы?
Әлде не?
Түйсігіме өлең демі сезілген,
Өлең-құстар қонып жатыр кеудеме.
Жазғым келмей мұңға толы жолдарды,
Кірпіктерді айқастырам зорға мен.
Еске алмау, жадты өшіру…сол қалды…
Өз-өзімді ұмытам ба сонда мен?..

Ұнады ұнады дей бергенен гөрі, Ақберен, бұл өлеңді жалғыз отырып оқығанда әсерлірек екенін айта кеткім келіп отырмын!
Жалгыздык АЛЛАга гана .
Жалгыз калманыз Тубі шексіз мынау гажап омірден оз сыбаганызды алып жасай берініз
АҚБЕРЕН АҒА ӨЛЕҢ КЕРЕМЕТ\ АСІРЕСЕ МАҒАН МЫНА ЖЕРІ ҰНАДЫ “ЕСКЕ АЛМАУ, ЖАДТЫ ӨШІРУ…СОЛ ҚАЛДЫ.ӨЗ-ӨЗІМДІ ҰМЫТАМБА СОНДА МЕН. МЕН БҰЛ ӨЛЕҢДІ ОҚЫП ӨМІРДЕ ҚАЗІР ЖАЛҒЫЗ ЕКЕНІМДІ ТУСІНДІМ. ӨМІРДЕ ЖАЛҒЫЗ ҚАЛМАҢЫЗ\ АЙКО.
ешкімге ұқсамайтын өзіндік мәнері бар әдемі өлең. Бірақ құлазытады. Бұл өлеңді қазір емес күзде оқуым керек еді. Дегенмен жақсы өлең мезгілге бағынбайды.
ешкімге ұқсамайтын өзіндік мәнері бар әдемі өлең. Бірақ құлазытады. Бұл өлеңді қазір емес күзде оқуым керек еді. Дегенмен жақсы өлең мезгілге бағынбайды.
Акберен, өлендерің керемет бәрі сенің өміріңне жазылған. Достарың көп соның біреуі мен, өмірге өкінішпен қарамай өмір сүр, сен сияқты ақындар , жас ақындар өмірді гүл қылатын. Саған творчестволық табыс қанатың талмай арі қарай өмір сұр .
Жалғыздық-маған да таныс күй…жақсы суреттей біліпсіз, дегенмен, жалғыздықтың күңгірт тұстарын ғана емес, жарқын жақтарын әспеттейтін әсем өлең күтемін! Қаламыңыз мұқалмай, шығармашылық шабытыңыз арта берсін!
Siz de, men de jalgyzbyz…
Шахабаев Курмаш
Шахабаев Курмаш
өте керемет өлең менің жан дүүниеме өте жақын екен
Керемет журекке Жакын олен екен,менде жалгызбын және содан катты киналам,
Сиздин олендеринизди кайдан окуга болады толыгырак!
жалғыздықтан кей саттері жалығам, тәңіріме жылатпа деп жалынам мен өзіңді шын сүйіппін амал не,айта алмаймын үнсіз ғана сағынам
керемет өлең
Амантурлиева Гулжамал
менде бүгін жалғызбын