03.04.11

Жаңа жылдың толған айы

Көктің аппақ меңіндей,
Ай қарайды сенімсіз.
Күміс сәуле төгілмей,
Түн күледі көңілсіз.

Бұлттың жалы желкілдеп,
Жасырады Ай көзін.
Түн жылайды еңкілдеп,
Жылатады қай сезім?

Қандай дауыс құмыққан,
Жасырады тыныштық.
Біздің жанды кім ұққан,
Бізге енді кім ыстық?

Қаңтар келді қалтырап,
Жылдың басы қаралы.
Сансыз қыры жалтырап,
Ұлдың жасы жаралы…

Басталып ап іңірден,
Жайылады түн түзге.
Сұрағы көп өмірден,
Жауап берер кім бізге?..

368 рет қаралды

2 Пікірлер “Жаңа жылдың толған айы”

  1. МУНИРА:

    БІР АЛЛА БІЛЕДІ

  2. Айгерім Кудекова:

    өлең жалпы жақсы

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion