Жапырақтан жылы жасы ыршыған,
Бақылашы мына жаздың жаңбырын.
Тамшыларда дауылдар бар тыншыған,
Дауылдарда – мұхиттардың тағдыры…
Қарашыққа құлағандай жарық бар,
Түкпіріне сүңгіп кетші тамшының.
Тұнып тұрған сол әлемде қалықтап,
Ұшып жүрсін жан-шыбын.
Өз атыңды естігендей нөсерден,
Шығып кетші дуылдаған қауымнан.
Мөлдіреп кеп көшелерге төселген,
Жаратылыс жұмбағын көр жауынан!
Саған жауын мұңын шағар, сұрасаң,
Тылсымдықтың сырын ашар үңілсең.
Тамшылармен сипалайды жыласаң,
Тысырымен жұбатады түңілсең…

жақсы өлең!
Жаңбырмен сырласып, жаңбырды өлең қылып, жаңбырды жырлау – ақындардың ғана қолынан келеді. Кейде пенделер сол мөлдір тамшыға “аспан тесіліп кетті ме”деп ұрысып жатамыз. Оны түсіну де … Жүрегіңізден жаңбыр жауып тұр ғой сіздің, жүрегңізден…
Ақберген аға, сәлеметсіз бе! Мен сіздің топтастырып қойған өлеңдеріңізден алдымен “Жаңбырды” оқыдым. Себебі менің де жаңбырды жақсы көретінім бар. Жай жақсы көру емес, оны суреттеп өлең де жазғам. Жалпы жаңбырлы күн Алла тағаланың адам баласына силаған нрлы кұүні ғой. Жайлау жаңбырын көріп па едіңіз? Жайлаудағы жаңбырлы күнді көру- тіптен керемет.
Ассалаумағалейкум ақын аға! “Жаңбыр” атты өлеңіңіз терең идеяға құрылған өлең екен. Жырларыңыз жаңбыр болып төгіле берсін! Менің де жаңбырдан туған “Жыр-жаңбыр” атты өлеңім бар еді:
Қырымнан қызғалдақтар терілсе тек,
Кеудемде күркіреген керілсе кек.
Аспан боп күреңітіп толғанамын,
Жырларым жаңбыр болып төгілсе деп.
Кешікпей теңізімді кешем өтіп,
Жыр-жаңбырым жауа түс еселетіп.
Соқыр жаңбыр секілді өткінші емес,
Ақ жауын боп құйылшы нөсерлетіп.
Негізі Ақберген аға, сіздің сайтыңыз бізге жеке өлеңдерімізді жарнамалайтын жарнама орталығы емес. Дегенмен сіздің ризашылығыңызбен “Жаңбырлы күн” атты өлеңімді оқып,пікіріңізді білдірсеңіз екен деймін.
Бір тамшы бір тамшыны лақтырып,
Естіші дыбысына құлақ түріп.
Көптен бері сағынып жүрген еді,
Жаңбыр жерін сүйеді жылап тұрып.
Тереземнің әйнегін жуып жатыр,
Сыртылдатып сыпайы ұрып жатыр.
Ағып түскен шатырдан ақ тамшылар,
Жерге түсіп быт-шыт боп сынып жатыр.
Ақ аспаннан ақ маржан төгілгендей,
Ақ маржандар көзіме көрінгендей.
Сүйсініп бас иіп тұр,гүл-ағаштар,
Бейне бір рахатқа көмілгендей.
Өмірдің жылжып ағып өзенімен,
Уақыттың өтетінін сеземін мен,
Жылы жауып басылған жаңбырдан соң,
Суық қар да жауады кезегімен…
акберен аитпаган пикирди мен аитаиыншы ондаи акын болмасам да
создерин тенеулерин уикастарын керемет екен адеми жеткизгенсин тек жанбыр жерди суиеди жылап турып дегенди булт жерди суиеди жылап турып десен каитеди
Әдемі екен! Тек соңғы шумақ кішкене піспеген секілді…
Менің атым Асыл Мен осы өлеңдерді оқығанда қатты қуандым оларды Ақберен Елгезек маған ұнайтын жазушы жазған
қыртқан екенсің
ассалаумағалейкум жамағат! ақын десе елеңдер ақын жаны демекші Ақберген аға, сізді сүйіп оқимыз, ақындар қашанғы киіз кітаптар шығарып, жарымаған ақшасын санап жүреді, осылай сайт ашқаныңыз өте жақсы болған, заман талабына сай қадам деп білем, сізге тек өнердегі табыстар тілеймін! өлеңдерім бар, бірақ мұнда шығармай-ақ қояйын, кейін Алла жазса шығарып қалармын….
Майраның өлеңіне айтар ойым бар еді, негізі аспан жерге жете алмай, сағыныштан жыласа керек, қалай қарайсыздар?!
өте тамаша
мен осы өлеңді оқып қатты қуандым Ақберген Елгезек жазушы
Өте керемет өлең екен. Теңеулері мен өлең табиғаты,һәм жазылу үлгісі дара өлең. Өлең жазудағы қиямет-қайым үрдісті таба білу де зор бақыт.
өлениниз жаксы екен мен жети жастамын мен ана тили окип отыр едим апай жанбыр туралы оилен жазып келиндер деп еди сиздин оиленининизди жазсам болама
өлениниз жаксы екен мен жети жастамын мен ана тили окип отыр едим апай жанбыр туралы оилен жазып келиндер деп еди сиздин оиленининизди жазсам болама